Halyk Business Onlinebank Бизнеске арналған мобильді банк

Қазіргі таңда экономиканы дамыту, шағын және орта бизнесті өркендету бағытында екінші деңгейлі банктерге үлкен сенім мен жауапкершілік артылып отыр. Себебі, қаржы институттарының қолдауынсыз жаңа бизнес бастамаларды қаржыландыру, тиімді табыс әкеп жатқан өнеркәсіп орындарын модернизация жасау, жалпы экономикадағы нарықтық қатынастарды күшейту мүмкін емес. Дамыған шет мемлекеттерде де шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетуде екінші деңгейлі банктер өте үлкен рөл ойнайды. Яғни Үкімет пен қаржы институттарының өзара әріптестік байланысы күшейген сайын кәсіпкерлік саласы да алға жылжи түседі. Бұл ретте мемлекет банктер арқылы шағын және орта бизнес өкілдеріне көптеген жеңілдік ұсынып жатыр. Өз кезегінде банктер де коммерциялық ұйым болғандықтан өз тараптарынан кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың тиімді механизмдері мен тетіктерін және ұтымды несиелеу шарттарын қарастыруда.

Экономиканы сауықтыру мақсатында бүгінде «Халық банкі» АҚ шағын бизнеспен айналысатын азаматтарға арнап бірнеше жаңа қызмет пен өнім түрлерін ұсынып отыр. Осынау жаңа өзгерістердің арқасында өзінің жеке кәсібін дөңгелеткісі келген кәсіпкерлер аз уақыт ішінде және құжат жинаумен шаршап-шалдықпай өзіне қажетті несиесін оп-оңай ресімдей алады.

Соның бір жарқын дәлелі, 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап Банк жеке кәсіпкерлерге қашықтықтан комиссиясыз кепілсіз несие алуға мүмкіндік беретін цифрлық несиелеу бойынша екі өнімін іске қосты. Бұл екі өнім аясында қаржыландыру тек қана айналым қаражатын толықтыруға ғана беріледі. Біріншісі бұл цифрлық несиелендіруді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ қолдауымен «Бизнестің жол картасы–2025» мемлекеттік бағдарламасының 1 бағыты аясында жүзеге асырылуда. Бұл жерде айта кететін жәйт, мемлекеттік субсидия, яғни пайыз мөлшерлемесін өтеу аталған бағдарламаның 1-бағытында ғана қарастырылған. Бұл бағдарлама аясында кәсіпкер 5 млн. теңгеге дейін несие ала алады. Екінші қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы жұмыс жасайтын кәсіпкерлерге арналған өнім және де 30 млн. теңгеге дейін несие беріледі. Екінші өнім арқылы несиелендіру ешқандай мемлекеттік қолдаусыз банктің өз тарапынан жүзеге асырылады.

Бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның 1-бағытына қайта оралсақ, қазіргі таңда облысымыздың барлық аудандарынан жеке кәсіпкерлер айналым қаражатын толықтыруға осы қаржылық қолдау арқылы несие алуда. Осы тұста бағдарлама бойынша несиелендірудің шарттарына тоқталып өтсек. Кәсіпкерлерге несие берудегі негізгі мақсат-айналым қаражатын толықтыру екенін жоғарыда айттық. Ендеше оның жеңілдіктері жөнінде сөз қозғай кетсек, несие 5 млн. теңгеге дейінгі соманы қамтиды. 24 ай, яғни 2 жыл мерзімге беріледі. Жылдық мөлшерлемесі – 17,5 пайыз болса, соның 6 пайызын кәсіпкердің өзі төлесе, қалған 11,5 пайыз мөлшерлемесі «Даму» КДҚ АҚ арқылы өтеледі. Несие алуға берілген өтінімді қарау – тегін. Дей тұрғанмен, мұнда да өтінім иелері келесідей талаптарға сәйкес келуі шарт. Өтінім беруші жасының 21 мен 65 жас аралығында болуы. Нақты кәсіпкерлікпен айналысып жүрген уақыты 6 айдан асуы. Қазақстан Республикасының азаматы болуы. Ең соңғысы несиені рәсімдеу үшін жеке кәсіпкер E-gov немесе Onlinebank арқылы идентификациядан, яғни заңды тұлғаны сәйкестендіру процесінен өтуі керек.

 

 

Пікір қалдырыңыз