Жүсіп Баласағұни және бақытты қоғам

Ұлт руханиятында ерекше орын алатын Жүсіп Баласағұнның дүниеге келгеніне биыл тұп-тура 10 ғасыр толып отыр.
Жүсіп Хас-Хажиб Баласа-ғұни – ақын, ХІ ғасырдың аса көрнекті рухани қайраткері, есімі күллі Шығыс елдеріне танымал болған данышпан-ойшыл. Ол көпшілікке ақын ретінде ғана емес, сондай-ақ, орта ғасырдың атақты ғалымы ретінде де жақсы таныс болған. Табиғаттану, математика, астрономия, тарих ғылымдарын жете меңгерген. Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласында шамамен 1020 жылдары дүниеге келген. Жүсіптің көптеген ғылымдарды игеруіне ақын, өнерпаз әкесі ықпал еткен. Ол Қараханидтер мемлекетінің астанасы Баласағұн қаласында хан сарайында қызмет атқарған. Кейін ол іске баласын да тартып, Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет ете жүріп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» поэмасы – түркі халықтары руханиятында елеулі орны бар шығармалардың бірі. Көрнекті ойшылдың бұл энциклопедиялық шығармасы тек дидактикалық өлең ғана емес, сонымен қатар жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардағы көптеген мәселелерді зерттеудің алғышартын жасаған шығарма. Сондай-ақ, жалпы философиялық, әлеуметтік, құқықтық, саяси, этикалық және эстетикалық мәселелер де «Құтты білікте» көрініс тапқан.
Поэма көптеген философиялық, ғылыми, әлеуметтік және этикалық мәселелерді қамтитын моральдық нұсқаулардан, яғни 6600 қос тармақтан, 72 тараудан тұрады. Кітап төрт биік ұғымға негізделген: әділеттілік, бақыт, ақыл, қанағат. Автор төрт ұғымның әрқайсысына ат қойып, оларды бір-бірімен айтысатын, әңгіме жүргізетін, бір-біріне сұрақ қоятын және оларға жауап беретін кейіпкерлерге айналдырады.
Осы еңбегінде Жүсіп Баласағұн мына мәселені атап көрсетеді: адам жануарлардан ақыл мен білім сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді, даналық, тәлім мен білім адамдардың құрметі мен құндылығының негізі болып табылады. Ойшыл білім мен ғылымға сүйене отырып, қоғамдық өмірді басқаруды жетілдіру мүмкіндігіне терең сенді. Жүсіп Баласағұнның бұл идеялары Фараби, Ибн Сина және Фирдоуси көзқарастарымен үндес болып келеді. Бір қызығы, аталған еңбекке əр елде əртүрлі атау берілген екен. Ирандықтар Фирдoусидің «Шахнамасымен» қатар қойып, «Шахнамаи түркі» («Түркі Шахнамасы») деп атаса, Солтүстік Қытай адамдары «Адабул-мүлік» («Əкімдердің əдептілігі»), ал, Оңтүстік Қытай жұрты «Айнкүл мамлакат» («Мемлекет тəртібі») деп атаған. Поэманы зерттеуші орыс ғалымдары да өз тілдеріне түрліше тәржімалаған: мəселен, В.В. Бартольд кітаптың атын орыс тіліне «Патшаларды ақылға шақыратын білім» («Знание, образующее царей»), С.Е.Малов – «Бақыт кітабы» («Книга счастья»), А.А. Валитова «Басқару туралы білім» («Наука об управлении») – деп аударған. Бұл атаулардың қайсысы болса да, ХІ ғасырда жазылған «Құтты білік» дастанының мемлекетті басқару ісінде бүгінгі күнде де өзекті болып отырғанын көрсетеді.
Бұл кітап ежелгі жазба дерек көздерінің арасында маңызды орын алады, тәрбиенің үлгісі, мінез-құлық ережелері және педагогикалық тұрғыдан алғанда өте маңызды. Қай әлеуметтік-экономикалық формация үстемдік етсе де, адамдарда, олардың дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптарында жалпы адамгершілік құндылықтар сақталады: «үлкендерді сыйлаңыз, ақылдылардан үйреніңіз, өз ойларыңызды дәл жеткізіңіз, өзіңізді ұстаңыз – сіз сыйластыққа қол жеткізесіз, егер олай болмаса, сіз адамдарды жек көресіз» делінеді.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі жалпы адамзаттық ұстанымдарды, адамгершілік қағидаларды зерттеген терең философиялық мұра және ежелгі түркі тіліндегі классикалық поэзия ретінде жаһандану дәуірінде де ұлттық құндылықтардың бірі болып саналады.
Шығармада жақсылық пен жамандық, әдептілік пен дөрекілік, шындық пен өтірік, аңқаулық пен қулық бір-біріне қарама-қарсы қойылған. Сол арқылы автор айтар ойын тереңдете түседі. Мәселен, ұлы ойшыл адамдар ауырмаса – денсаулықтың қадірін білмейді, өлім болмаса – тірі жүрудің қадірін білмейді, қайғысыз адам – қуаныш сезімінің құдіретін толық сезе алмайды деген секілді бірқатар философиялық пікірлер қозғайды.
Жүсіп Баласағұн әдептілікті жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген қорытынды жасайды. Дастанның бір тарауы, дәлірек айтсақ, жетінші тарауы түгелдей осы мәселеге – тіл әдептілігіне, яғни мәнерлі, мәнді, сыпайы сөйлей білу мәдениетіне арналған. Автор оқушысын абайлап, ойланып-толғанып барып сөйлеуге, тіліне ие болуға шақырады. Қысқаша әрі мазмұнды сөйлей білу – әдептілік басы деген пікір айтады.
Дана Жүсіп Баласағұни кісіні адамгершілік арнасынан шығарып, жұртқа әдепсіз, дөрекі, надан етіп көрсететін кейбір мінез-қылықтарға көркем сөзбен сипаттама береді. Мұндай жағымсыз мінездер мал-мүлікке тоймайтын ашкөздік, сараңдық, мейірімсіздік, ашушаңдық деп көрсетеді. Әке-шешеден тәрбие көрген, әдепті жандар қашанда нәпсісін тия білетін, жомарт, бауырмал, сабырлы, инабатты болып келетінін айтады.
Әулие, данышпан, ұлы ойшыл Жүсіп Баласағұнидің рухани мұраларын өз жүрегіміздің сүзгісінен өткізе алсақ, адамдар сандаған ғасырлар бойы армандап келе жатқан бақытты қоғамға да тезірек жетеріміз анық.
А. ӨСЕРБАЙ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті аграрлық факультетінің «Ветеринарлық медицина» кафедрасының аға оқытушысы.
Баха
Жиги бляя коғамға көз карасы
Баха
Қотакбас екенсің шешен амы
Мағжан
Ұлттық сарыбүлақ Айран Мағжан Айран Мағжан Айран - Мағжан Айран Мағжан - Мағжан Айран Мағжан Айран Мағжан Айран Мағжан Айран Мағжан
Мага
Рррррррррррррррррррррррт сарыбүлақ Айран Мағжан Айран Мағжан Айран Мағжан Айран Мағжан Айран Мағжан Айран Мағжан Айран Мағжан Айран Мағжан Айран Мағжан Айран Мағжан Айран
Мага
Түсіністік
Асика
.асикл
Асика
.........