Несиеге үй алғыңыз келе ме?

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен Түркістан қаласында тұрғын үй сату орталығы ашылды.

Орталық неке сарайының ғимаратында орналасқан. «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы жайлы толық мәлімет берілетін арнайы сайт және ақпараттық орталықта азаматтар мемлекеттік бағдарламалармен танысып, баспана алуға өтініш бере алады.

Наурыз айының басында Түркістан қаласындағы 16 көпқабатты тұрғын үй тапсырылады. Пәтердің шаршы метрі 180 мың теңгені құрайды. Орталықтың ашылуына қатысқан Өмірзақ Естайұлы жауапты мамандарға нақты тапсырма беріп, баспаналы болуға ниетті әрбір азаматтың өтінішін жүзеге асыруға күш салуды міндеттеді.

 

 

Пікір қалдырыңыз