Білім – бар байлықтың бастауы

Білім – барлық байлығымыздың бастауы. Ел Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын биылғы Жолдауында білім саласына барынша назар аударғаны сондықтан деп ойлаймын. Бұған Жолдауда арнайы тарау арналды. Ол – «Қолжетімді әрі сапалы білім» деп аталады.

«Коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде.

Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және және кластастармен араласудың жөні бөлек. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін аса маңызды» деп атап көрсетті Президент. Әрине, ата-аналармен келісіп, балаларға дәстүрлі білім беруге мүмкіндіктер қарастырылуы тиіс. Бұл үшін біз санитарлық талаптарды сақтай білуіміз керек. Әрбір бөлме, сынып талапқа сай таза болуы шарт. Оқушылар арақашықтықты сақтап отырса, індеттің жұғу қаупі төмендейді. Мектебіміз күрделі жөндеуден өткен. Демеушілер жазғы спорт алаңын талапқа сай салып берді. Төрт жүзден астам оқушымыздың тең жартысы мектепішілік пәндік олимпиадаларға қатысады. Аудандық, облыстық олимпиадаларда топ жарып келген оқушыларымыз көп. «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат алған түлектеріміз жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.

Әрине, Президент атап көрсеткендей, білім берудің қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшкен әбден-ақ орынды болар еді. Алайда, карантин талаптары әзірге оған мүмкіндік бермей тұр. Сондықтан оқушыларды онлайн-режиммен оқытып жатырмыз. Бүгінде барлық оқушылар тиісті оқулықтармен түгелдей қамтамасыз етілді.

Бірінші сынып оқушылары мектеп партасына отырып, кітап, қаламды ұстап көруі керек. Алғашқы дәріс беретін ұстазының сөйлеу мәнерін, өзін-өзі ұстауын, содан кейін және ең бастысы – аялы алақанын сезінуі тиіс. Мұнсыз бала әріпті үйренбейді, бойында мектепке деген махаббат оянбайды. Сондықтан осы мәселеге баса көңіл бөліп, бірінші сынып табалдырығын аттағандарды он бес-он бестен бөліп, арақашықтықты сақтап оқытып жатырмыз. Жоғары сынып оқушылары онлайн-режим ережелерін біршама жақсы игеріп алды. Мына індетті жеңсек, мектепке оралуды күтіп жүрген оқушылар жеткілікті.

Қысқасы, Мемлекет басшысы қолжетімді және сапалы білімге барынша көңіл бөлу керектігін нақты да айқын айтып отыр. Ендігі міндет – Президент тапсырмаларын мүлтіксіз орындау.

Елшібек ТАБЫЛДИЕВ, Төлеби ауданындағы Қаратөбе жалпы орта мектебінің директоры.

 

 

 

24 пікір

  • Жандос
    Жандос

    Керемет !!!

  • БИБИ ЖАМАЛ
    БИБИ ЖАМАЛ

    Қымбатты Елшибек мырза Қызығы мен шыжыгы катар журетин ұстаздық жолыңыз тек орлеу мен осуде болсын. Туыстық сыйластыгымызда әрқашан береке болсын.

  • Нұрбол Анарұлы
    Нұрбол Анарұлы

    Үлкен белестен көріне беріңіз!

  • Шитибаева С.А.
    Шитибаева С.А.

    Құрметті Елшібек Өкімбекұлы биік белестерден коріне беріңіз, еңбегіңіз еселеп алға баса берсін, жүз жасаңыз!!!

  • Тоялиев Пердебек
    Тоялиев Пердебек

    Білікті басшы, білікті маман иесі екеніңіз ісіңізден және жазған мақалаңыздан көрінуде.

  • К.Байшуахов.
    К.Байшуахов.

    Ұстаз тек баланың тəрбиесіне ғана емес тұтас қоғамға елдің болашағына қызмет ететін тұлға .Қырық жылдық еңбек өтілінде Е.Табылдиев жолдас осы қызметті хал қадірінше адал атқарды .Педагогқа қажетті іскерлік кəсібилік ұйымдастырушылық басқарушылық қызметтерінде биіктен көрінді.Оқу ағарту саласындағы реформаларға белсене атсалысты .Бірге қызметтес болған жылдарымызда оның тəлімгерлік ақыл кеңестерін үнемі сабақ беру үрдісінде пайдалануға тырыстық .Дарақ бір жерден көгереді деп ұзақ жылдар Балдыберек мектебінде қызмет атқарды .Негізгі мектепті жалпы орта мектепке айналдыруда ауыл балаларының жырақта жүрмей өз жерінде жүріп білім алуына сүбелі үлес қосты .Осылай байқалмай тарих жасалды тарихты тұлғалар жасайды деген содан қалса керек.

  • Қанат Қамзин
    Қанат Қамзин

    Білім саласында атқарып жүрген еңбегіңіз ерекше екенін айта келе, өзіңізге зор денсаулық, творчестволық жеміс тілейміз! Коллективіңіз— бен бірге биіктерден көріне беріңіз!

  • Нұрлыбаев Ернұр
    Нұрлыбаев Ернұр

    Керемет мақала, балалардың білімі болашақ Қазақстанның айнасы. Бала білімінің маңыздылығын ескергеніңізге рахмет! Басқарған мектебіңізден, елдің жарқын болашағын қалайтын азаматтар шыққай!

  • Ақерке Елшібекқызы
    Ақерке Елшібекқызы

    Әкешім менің - алтын қазынам. 40 жылдан астам білім саласында талмай қызмет жасап келесіз. Ауырмаңыз, ұзақ жаса жан әкем !!!

  • Арапбай Урисов
    Арапбай Урисов

    Ереке еңбегіңіз еселеп алға бассын

Пікір қалдырыңыз