4 бөлмелі үй тарту етті

Түркістан
облысына қарасты Бәйдібек ауданы, Шақпақ елді мекенінің тұрғыны Гүлмира
Сейілбекованың бұған дейін өзінің жеке үйі болмаған. Көп балалы ана жылдар бойы 5 баласымен пәтер жалдап келген. Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Зекет»
корпоративтік қоры арқылы «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша мұқтаж отбасыға 4
бөлмелі үйдің кілті табыс етілді.
Игі шараға
«Асқар-Тау» шаруа қожалығының төрағасы, жеке кәсіпкер Асқар Оразханұлы
демеушілік жасап отыр. Ел көлемінде бұл 244-ші баспана сертификаты. Сейілбекова
Гүлмира қайырымды жандарға алғысын білдіріп, тұрғын үйдің мектеп пен
балабақшаға және спорттық алаңшаға жақын орналасқанына ерекше қуанды.
Түркістан облысы
әкімінің баспасөз қызметi.