ХАЛЫҚТЫҢ АМАНДЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі мәлімдемесінен түснгенім, елдің амандығын, халықтың біртұтастығын ойлаған Президент еліміздегі төтенше жағдайдың күнін тағы да созуға тура келіп отырғанын жеткізді. Әрине, оңай емес.

Президенттің өзі де атап өткендей әсіресе, төрт қабырғаның ішіне қамалып отырған бала-шағаның ығыры шыға бастағаны да рас. Бірақ, бұл қадамға амалдың жоғынан барып отырғанымызды да түсіну керек. Елдің денсаулығы үшін Үкімет қолдан келгеннің бәрін де жасап бағуда. Енді ел де осы бір тәртіпке бойұсынса дейміз.

Ал, әлеуметтік жағынан қиналған жұрттың жәрдемсіз қалмайтындығына Мемлекет басшысы уәде етіп отыр. Қаншама адамның жәрдемақы алғанын, әлі де бұл қамқорлық жалғасатынн атап өтті.

Қазіргі таңда бізден шыдамдылық пен сабырлық таныту қажеттігін жақсы түсінеміз. Елімізде вирустың  кең етек алмауына баршамыз да мүдделі болғанымыз жөн.  Әрбіріміз бұл істе жауапты болуымыз керек. Жақындарымыз үшін, өзіміз үшін жауапты екенімізді ұмытпайық.

Ал, медицина қызметкерлері бұл індеттің таралмауы жолында күні түні еңбек етуде. Президент «Біз індетпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлерді қаржылай қолдап жатырмыз. Денсаулық сақтау министрлігі және әкімдер басқа да медицина қызметкерлеріне көмек көрсету үшін шаралар қабылдауда» деп атап өткендей олардың ерен еңбегі ескерусіз емес.

Олай болса, баршамыз ортақ тәртіпке бағынып, аурудың таралмауына күш салсақ, аз күнде мұны да жеңіп шығарымыз анық.

 

Гүлдария ШАРДАРБЕКОВА,

Бәйдібек аудандық орталық аурухананың бас дәрігері.

Пікір қалдырыңыз