Жасөсіпірімдер қылмысы – басты назарда

Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу және болдырмау тәртіп сақшыларының басты міндеті.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі уақытта компьютерлік клубтарда отыруға және көшеде ата-анасыз жүрудің қауіптілігі қаншалықты ескертіліп жатса да, ережелерді сақтамайтында саны азаяр емес. Осы мақсаттағы жұмыстар Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тарапынан басты назарға алынып отыр.

 

Мәселен, таяу арада аудан полицейлері жасөспірімдерге қатысты профилактикалық іс-шарасын өткізіп, түнгі уақытта жүрген балаларды анықтады. Бұл жолы жасөспірімдерді заң бұзып, қылмыскер атанғандардың полиция бөліміне жеткізіліп, одан кейінгі өмірінің қалай өзгеретіндігіне көздерін жеткізу, құқықтық сауаттылықтарын арттыру мақсатында экскурсия ұйымдастырылды. Қазығұрттық сақшылар мектеп оқушыларын полиция бөліміне кіргізіп, аралатты. Балаларды бөлімнің тыныс тіршілігімен жіті таныстырып, өз оқиғаларымен, қылмыскерлерді құрықтау кезінде болатын түрлі жайттарды айтып берді. 

 

Экскурсия барысында тәжірибелі полицейлер балаларға ата-аналарының рұқсатынсыз және олардың ертуінсіз түнгі уақытта көшеде, ойын-сауық орталықтары мен қауіпті жерлерде жүрмеу керектігін ескертті. Оқушылар полиция қызметіне қатысты өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан тиісті жауаптарын  алды. 

 

«Оңтүстік» ақпарат

Пікір қалдырыңыз