Президент саябағы

Шардарадағы Тұңғыш Президент саябағы 2007 жылы ашылған.
Соңы көк теңізге барып тірелетін саябақ бүгінде Шардараның көркін ашқан көкорай белге айналған. Онда «Ғашықтар аллеясы», «Ардагерлер аллеясы» орналасқан. Ал, «Ақ босаға» неке сарайы бас қосқан жастардың құтты орнына айналған. Осында «Ана мен бала» ескерткіші де көз тарта асқақтап тұр. Шардараның бар тарихын бойына жинаған аудандық тарихи-өлкетану мұражайы да осы саябақ ішінде.