Мақтааралда тасқынға қарсы шаралар қабылданды

Облыс әкiмi Жансейiт Түймебаев көктемгi су тасқынының алдын алу жұмыстарымен танысу мақсатында Сырдария өзенi және Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегiшiн тiкұшақтан шолып өтiп, Мақтаарал ауданында тасқын зардаптарын жою жөнiндегi құрылған штабтың есебiн тыңдады.
Айта кетейiк, 16-19 ақпан күндерi облыста жауған нөсерлi жауынның салдарынан Мақтаарал ауданы тұрғындарының аулаларын су басқан болатын. Осыған байланысты ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша арнайы штаб құрылып, тәулiк бойына үздiксiз жұмыстар жүргiзiлдi. Шұғыл атқарылған жұмыстардың нәтижесiнде аудан бойынша 90696 текше метр су сорылды. Ал, суларды кетiру үшiн 715 метр ор қазылып, арық жағалауларын нығайту жұмыстары жүргiзiлдi.
Ауданға жасаған сапары барысында Мақтаарал ауданының әкiмi Ғ.Исмаилов облыс әкiмiне толассыз жауған жауынның салдарынан Атакент кентiнiң Қажымұқан, С.Мұқанов, С.Сейфуллин көшелерi бойындағы су басқан үйлердiң аулаларын тазарту бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады. Аудан әкiмiнiң баяндауынша су басу негiзiнен Атакент кентiне жақын орналасқан мақталық алқаптарда жаппай сор шаю жұмыстарының жүргiзiлуi мен жер асты суларының көтерiлуi және иесiз қалған су арналарының тазартылмауынан орын алған.
«Толассыз жауын-шашын салдарынан каналдар толып, ағын су тұрғын үйлерге қарай тасыған. Бұған бiр себеп су арналарының iшiн қамыс басып, саз балшықтың тазаланбауын айтуға болады. Жергiлiктi тұрғындар каналдың қорғаныс бөгеттерiндегi жағалаулардың 1-2 шақырым көлемiндегi топырағын алып, құрылыс жұмыстарына пайдаланған» дедi аудан әкiмi.
Осы ретте, өңiр басшысы қауiпсiздiк шараларын сақтамаған су арналарының меншiк иелерiне ескерту берудi және иесiз қалған су арналарын мемлекет меншiгiне, яғни «Қазсушар» мекемесiнiң құзырына берудi, оны тазалау, реттеу жұмыстарын жүргiзудi тапсырды. Сондай-ақ, жер асты суларын реттеу мақсатында барлық дренаждарды қайта қалпына келтiрiп, олардың дұрыс күтiп ұсталуын және пайдалануын қамтамасыз етудi жүктедi.
Мұнан соң әкiм Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегiшiнiң бүгiнгi жай-күйiмен танысып, жауапты сала мамандарына аяқ астынан болуы мүмкiн тасқын суға сақадай сай болу қажеттiгiн ескерттi.
«Қазгидромет» ауа райын болжау орталығының мәлiметiне сүйенсек, көктемде жауын-шашын көп болады деп күтiлуде. Бүгiнгi сапардың мақсаты да табиғи апаттың алдын алу. Яғни сала жетекшiлерiнiң төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюға әзiрлiгiн пысықтау.
«Қазiргi жағдайда көктемде көп мөлшерде жауатын жаңбырға байланысты су тасқыны болуы мүмкiн өзендерге баса назар аударып отырмыз. Сондықтан аудан әкiмдерi мен тиiстi сала басшыларына тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргiзiп отыруды тапсырамын. Кейде синоптиктер болжамаған жайттар орын алып жатады. Сондықтан сiздер, әрдайым дайын болуларыңыз қажет» дедi өңiр басшысы Ж.Түймебаев су қоймаларының жағдайымен танысу барысында.
«Қазсушар» мемлекеттiк мекемесiнiң мәлiмдеуiнше, Сырдарияда су тасу қаупi жоқ. Жағдай тұрақты.
«Бүгiнгi таңда Шардара су қоймасына тәулiгiне 1500 текше метр су келуде. Одан 1200 текше метр су шығып жатыр. Ал, су қоймасының деңгейi тәулiгiне 3 сантиметрге көтерiлуде. Бұл – қалыпты жағдай. Жалпы, қоймаға жиналған судың көлемi 4 млрд. 293 млн. текше метрдi құрап отыр. Жиналған судың 400 текше метрi Арнасай су қоймасына тасталынуда. Сонымен қатар, Шардара су қоймасынан 500 текше метр су Көксарайға, ал, 350 текше метр су Сырдария арқылы Қызылордаға жiберiлуде» дедi «Қазсушар» РМК ОҚО филиалының бас инженерi Т.Балтықов.
Көксарай су реттегiшi Сырдария сағасымен жоғарыдан ағып келетiн суды қанша болса да қабылдап алуға дайын. Өйткенi, сыйымдылығы 3 млрд. текше метрден асатын нысанда жиналған су бүгiнде 75 пайызды құрайды.
Бүгiнде көршi Өзбекстан мемлекетiнен тәулiгiне 1500 текше метр су келiп жатса, 1 наурыздан кейiн бұның көлемi азаятын болады. Яғни Оңтүстiк Қазақстан облысындағы елдi мекендерге судан келер қауiп жоқ.
ОҚО әкiмiнiң баспасөз қызметi.