Бір жарыстан бес жүлде
Алматы қаласында таэквондодан ел чемпионаты аяқталды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздіктер бас қосқан дүбірлі додада Түркістан облысының өкілдері жоғары дайындық пен мықты шеберлік танытып, 5 жүлдеге қол жеткізді. Тартысты бәсекеде өңір спортшылары 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленіп, ел чемпионатында облыс мерейін асқақтатты.
Атап айтқанда, Назым Махмутова (73 келі) мен Нұрлан Мырзабаев (87 келі) қарсыластарының бәрін жеңіп, ел чемпионы атанды. Сондай-ақ, Нұрасыл Сағындық (54 келі) пен Мақсат Орынбасар (74 келі) финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал, Бекзат Ғазиз (87 келі) тартысты белдесулердің нәтижесінде қола жүлдеге қол жеткізіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.