Жастар жарап тұр

Түркістан қаласында Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рақымовты еске алуға арналған еркін және әйелдер күресінен жастар арасындағы XXX халықаралық турнир өз мәресіне жетті.

Биыл 30-шы рет ұйымдастырылған дәстүрлі додаға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Грузия мемлекеттерінен және еліміздің барлық өңірінен мыңға жуық балуан қатысты. Дүбірлі додада 650 ұл бала мен 350 қыз бала бозкілемде бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.
Байрақты бәсекеде Түркістан облысының балуандары да жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтқанда, өңір спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда, Айтуған Нұрислам (97 келі), Есбол Төлеуов (125 келі), Нұрадин Асқар (52 келі) және Ибрагим Бекзат (92 келі) өз салмақ дәрежелері бойынша қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, әйелдер күресінен Арайлым Көпжасар (53 келі), Балнұр Нұрла (62 келі) және Нұрай Алтынбек (72 келі) те жүлделі орындардан көрінді.
Пікір қалдырыңыз