Бір алтын, бір күміс

Астана қаласында каратэ-доның WKF версиясынан ересектер арасындағы ел чемпионаты мәреге жетті. Тартысты өткен бәсекеде Түркістан облысының спортшылары жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, ката бағдарламасында өнер көрсеткен Мәди Катешов барлық қарсыласынан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Ал, кумите бағдарламасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Елнұр Төребек күміс жүлдегер атанды.
Осылайша, жерлестеріміз ел чемпионатында бір алтын және бір күміс медаль иеленіп, өңір қоржынына қос жүлде салды.
Пікір қалдырыңыз