Қазақстан Халық кеңесінің құрамы бекітілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық кеңесінің құрамын бекітті. Мемлекет басшысы 22 қыркүйекте №1474 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы болып Ерлан Жақанұлы ҚОШАНОВ сайланды. Жаңа кеңестің құрамына барлығы 126 адам кірген. Тізімде жұртшылыққа белгілі тәжірибелі тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіподақ, бизнес, білім, ғылым, медицина, медиа, спорт және этномәдени бірлестіктердің өкілдері бар. 
Түркістан облысынан Халық кеңесіне екі адам енді. Олар – облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Сырым Ертаев пен облыстық мәслихат депутаты Алмас Сәлімов.

Пікір қалдырыңыз