Қыздар жарады!
Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары бойынша өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.
Қыздар арасындағы бәсекеде 75 келі салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Шұғыла Нәлібай барлық қарсыласынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды!
Ал, 57 келі салмақта сынға түскен Ұлжан Сәрсенбек финалға дейін сүрінбей жетіп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жарысқа жаттықтырушылар Болат Беласаров пен Шыңғыс Демеуов дайындады.
Айта кетейік, чемпион да, күміс жүлдегер де «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» шәкірттері.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.