«Тұран» – чемпион!
Шымкент қаласында гандболдан ұлттық лигадағы және жоғары лигадағы ерлер командалары арасында XXXIV Қазақстан Республикасы чемпионатының IV тур ойындары өз мәресіне жетті. Тартысты өткен додада Түркістан облысының намысын қорғаған «Тұран» командасы үздік нәтиже көрсетіп, І орынды иеленді.
Маусым бойы жоғары деңгейде өнер көрсеткен түркістандық ұжым шешуші турда да шеберлігі мен тұрақтылығын дәлелдеп, барлық қарсыластарынан басым түсті. Осылайша, «Тұран» командасы ел чемпионатындағы көшбасшылық орнын бекітіп, жанкүйерлерін бір желпінтіп тастады.