Қазығұрттықтар құрлықта топ жарды

Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл қаласында қол күресінен өткен Азия чемпионатында қазығұрттық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, Қазақстанның абыройын асқақтатты.
Дүбірлі додада аудан мақтаныштары  Нұрислам Мәмбетәлиев пен Жадыра Сыдық ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінді.
Нақтырақ айтқанда, Мәмбетәлиев сол қол күрестіруден күміс жүлдеге ие болса, оң қол күресінде Азия чемпионы атанды.
Ал, Жадыра Сыдық оң және сол қол күресі бойынша қарсыластарын түгел жеңіп, екі дүркін Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Осылайша жерлестеріміз ел қоржынына 3 алтын және 1 күміс медаль салып, Қазақстанның көк байрағын Азия төрінде желбіретті.
Спортшылардың бұл жетістігі – тынымсыз еңбек пен жүйелі жаттығудың нәтижесі. Бұл жеңісте  жеңімпаздарды жарысқа дайындаған бапкер Сейіткәрім Нұрмұханбеттің де еңбегі ерен.
Азия чемпионатында жоғары нәтиже көрсеткен олардың бұл жеңісі – аудан спортының дамуына қосылған үлкен үлес әрі жас спортшыларға үлгі болатын жарқын жетістік.

Ажар  СҰЛТАНҚЫЗЫ. 
Қазығұрт ауданы.
Пікір қалдырыңыз