Көп болып жұмылсақ...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес жүргізу – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Себебі, сыбайластыққа бей-жай қарамайтын ел ғана тұрақтылықты, әлеуметтік әділеттілікті және халықтың әл-ауқатын жақсартуды қамтамасыз ете алады.

Елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң бар. Аталмыш құжат ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған. Өйткені, пара алу және пара беру, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану, билікті жеке басы үшін пайдалану қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін азайтып, азаматтардың заңды сақтауға деген ынтасын әлсіретеді. Сондықтан онымен мемлекет қана емес, әрбір азамат күресуі керек. 
Жалпы, заңды сақтау, адал болу және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне қарсы тұру қауіпсіз қоғамның негізі іспетті. Егер мемлекет пен ел азаматтары оған қарсы күш біріктірсе, әділ әрі заңға бағынатын қауіпсіз қоғам құруға болады. Елдің өркендеуі мен болашағының кемел болуы да дәл осы қадамдардан басталады.

Нұрсұлтан АДАМҚҰЛОВ,
 Түркістан облысы бойынша Мемлекетттік кірістер 
департаменті заң басқармасының басшысы.
Пікір қалдырыңыз