600-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту жұмыстарын күшейте түсуді тапсырған болатын. Осы бағытта Төлеби ауданында биыл құны 17,9 млрд. теңгені құрайтын жеке инвестиция есебінен 100 жоба іске асырылып, 633 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы саласында: балық және құс шаруашылығын дамыту, тамшылатып суару әдісін қолдану, жеміс-жидекті өңдеп, саумалмен сауықтыру орнын іске қосу бағытында 40 жобаның құжаты әзірленуде. Сондай-ақ, өсімдік майын өңдеу, мал бордақылау алаңшасы, тауарлы-сүт фермасын ашу, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту бағыттарында да жұмыстар жүргізілуде. 
Кәсіпкерлік және туризм салалары бойынша 60 жоба қаралып, 392 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ауданда биыл 2 шағын су электр стансасы, 2 балабақша, минералды су цехы мен 2 емдік сауықтыру орны, 4 спорт кешені, 2 техникалық қызмет көрсету орталығы, 6 тамақтандыру орны іске қосылады деп күтілуде. 

Пікір қалдырыңыз