Парижден күміс жүлдемен оралды

Париж қаласында KARATE1 Premier League турнирі өтті. Әлемнің 70 елінен 378 спортшы қатысқан бүкіл әлемдік рейтингтік сайыс тартысқа толы болды. 

Ел намысын қорғаған түркістандық Әсел Қанай күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол жарыс барысында 6 кездесу өткізіп, 5 кездесуде жеңіске жетті, ақтық сайыста ғана Жапонияның спортшысына есе жіберді. Дегенмен, жерлесіміздің жеңіске лайықты өнер көрсеткенін айта кеткеніміз жөн.
Әсел Қанай осыған дейін де байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғап, жүлдегер атанып жүрген. Атап айтсақ, 2023 жылы өткен Азия ойындарында ел құрамасының қоржынына қола жүлде салған еді.

Д.СҰЛТАНБЕК,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің 2-курс студенті.

Пікір қалдырыңыз