Маржан өз мамандығын сүйеді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылғы жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып белгіленді. Жалпы, жұмысшылар санатына медбикелер де жатады. Науқастардың ертерек сауығып кетуі үшін уақытпен санаспай  жұмыс істеп жүретін бұл мамандық иелерінің де өзене тән қиыншылығы мен қызығы болады.

Жас та болса өз ісінің білгірі ретінде көпшіліктің құрметіне бөленіп жүрген Маржан Құлманованың айтуынша, әркім өз жұмысын шын ықыласпен атқарғанда ғана зор жетістіктерге жетеді. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының жанындағы колледжді 2009 жылы жалпы медицина мамандығы бойынша бітірген ол он алты жылдан бері осы салада жұмыс істеп келеді. «Еңбек жолымды Шымкент қаласындағы №2 қалалық емханасында аймақтық медбике болып бастадым. 2021 жылдан бері “Qazygurt” клиникасында жұмыс істеймін. Дәрігер емінің нәтижелі болуы ең алдымен медбикеге байланысты. Бұл жұмыс асқан ұқыптылықты, ауырып, ем іздеп келген науқасқа дұрыс күтім жасауды талап етеді» дейді ол.

Маржан жастайынан дәрігер болуды армандаған екен. Алайда отбасылық жағдайына байланысты оқуын одан әрі жалғастыруға мүмкіндігі болмаған. Бірақ, ең бастысы, медицина саласында жұмыс істеп жүр, ол орта буынды медбике болып та көптеген адамдарға көмектесуге болатынын айтады. «Жоғары дәрежелі дәрігер болмасам да денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп жүргенімді мақтан етемін. Осындай дәрежеге жеткізіп, яғни оқытып, тәлім-тәрбие берген ата-анама мың алғыс. Медицина саласы – оңай сала емес. Науқастың жылдам сауығуына тек іс-әрекетпен ғана емес, жылы сөзіңмен де көмектесуге болады. Оны біз жақсы түсінеміз. Сол үшін біз адамдармен барынша жылы қарым-қатынас жасауға әрекет жасаймыз.  Қоғамымызға ең қажет мамандықтардың бірі саналатын медицина қызметкерлері барынша мейірімді, жанашыр, адал, кішіпейіл, сабырлы болуы тиіс» дейді М. Құлманова.

Мейірімді медбике өз ісінің мақтаулы маманы ғана емес, отбасының жылуы, кішкентайларының аяулы анасы да. Жолдасы Жомарт екеуі үш қыз, екі ұл тәрбиелеп отыр. 

Талшын ЖЫҢҒЫЛБАЙ,

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ІІІ курс студенті.  

  

 

9 пікір

  • Орынбай Ажар
    Орынбай Ажар

    Өте жақсы медбике????????????

  • Сарсенова Жадыра
    Сарсенова Жадыра

    Мейірімді кішіпейіл жансын Маржан, еңбегің жана берсін

  • Нурлаим кенжеевна
    Нурлаим кенжеевна

    Жарайсың Маржан???? Атыңа ісің сай мамансың✊????????

  • Медеуова Алтынай
    Медеуова Алтынай

    Маржан өте кішіпейіл, білімді , мейрімді медбике, қашан , қай мәселемен барсаң да көмегін аямайды. Жұмысың алға баса берсін, еңбегіңнің жемісін көр, тек биіктен көріне бергін.

  • Фариза
    Фариза

    Я өте ақылды қамқор күн түн демиді ар қашанда қолынан келгенше көмекиеседі Рақмет Маржан

  • Жамиля
    Жамиля

    Маржан жаным еңбегінің жемісін көріп журе бер,биіктерден көріне бер????????

  • Асия
    Асия

    Еңбегіңнің жемісін көр ақылды, мейірімді медбике ханым!????????

  • Утельбаева Айгерим Мухалбековна
    Утельбаева Айгерим Мухалбековна

    Адал жасаған еңбегің бағаланады. Әрі қарай біліміңді тереңдетіп, ізденіс үстінде бол. Жарқын болашақ тілеймін.

  • Перизат
    Перизат

    Адал еңбектің жемісін көріңіз????????????????

Пікір қалдырыңыз