Мәртебені көтеру аз, жағдай жасалу керек!

Альвира ПАЙЫСХАН,
«Оңтүстік Қазақстан».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ, біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз» деген болатын. 

Иә, адал да табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Кез келген жұмысшы еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру арқылы, халықтың жоғары бағасын алады. Сондықтан өз кәсібіне берілген әрі жетік меңгерген мамандар еліміздің іргесін берік етері сөзсіз. Президент айтқандай, жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруы тиіс. Осылайша қоғамда адал еңбек пен азаматтық құндылықтарды дәріптеуге басымдық берілмек.  
Бүгінде өндірістің түрлі салаларында біліктілігі жоғары жұмысшыларға сұраныс көбейген. Әр жұмысшы мамандықтардың арқасында ел экономикасы дамып, еңбек өнімділігі артып отыр. Сұранысқа ие мамандықтар дайындауда колледждер мен жоғары оқу орындарының қосар үлесі зор. Біз үнемі қолданатын тұрмыстық техникадан бастап, техникалық құрылғылардың өзін жұмысшы мамандық иелері құрастырып береді, іске қосады. Үй салуда құрылысшы, дәнекерлеуші, тазалық сақтауда көше тазалаушы сынды кәсіп иелерінің қоғамға тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Ал, олардың еңбегін бағалау оларды құрметтеу – баршамыздың борышымыз. Егер олай болмаса қарапайым жұмысшы мамандардың қатары сиреп, болашақта елде тек шетелден келген гастербайтерлерге тәуелді боларымыз анық. Әсіресе, өңірлерде жастарымызды 9-сыныпты бітіре сала тегін кәсіптік білім беретін колледждерге оқытудың маңызы зор. Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеріп қою аз, оларға жан-жақты жағдай жасау керек. Мәселен, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешудің маңызы зор.  Қазақ «үйі жоқтың күйі жоқ» деп бекер айтпаған. Сондықтан баспана мәселесі жұмысшы мамандықтарын толғандырып жүргені бәрімізге белгілі.  
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет мүшелеріне жуырда жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырды.  
– Жұмысшы кадрларды әлеуметтік қолдаудың үздік корпоративтік тәжірибесін кеңінен таратып, жаңа ынталандыру шараларын енгізу керек. Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу мәселелерін пысықтауды тапсырамын, – деді Үкімет отырысында Премьер-министр.
Жиын соңында Премьер-министр мүдделі мемлекеттік органдар, әкімдіктер, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі салалық және өңірлік жоспарлардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Барлық іс-шаралардың жүйелі, нәтижелі және олардың әлеуметтік-экономикалық ұзақ мерзімді әсері болуы тиіс, – деді Үкімет басшысы.

1 пікір

  • Rainer  Moura
    Rainer Moura

    Crypto Consulting Recovery Experts Lost Recovery Masters Lost Recovery Masters centers its expertise on financial fraud and ethical hacking services, focusing much of its resources in fighting binary options scams, a pervasive threat to individual investors and financial institutions alike. With a proven track record of success and a commitment to transparency, Lost Recovery Masters provides personalized support throughout the recovery process, keeping clients informed every step of the way. Contact details: Email: Support@lostrecoverymasters.com Website: https://lostrecoverymasters.com/

Пікір қалдырыңыз