Бәрі де ел игілігі үшін

Жаңа жыл мерекесінің жағымды жаңалықтарының бірі Ақберді елді мекенінің газға қосылуы болып отыр. Жалпы, Шардара ауданы бойынша 10 елді мекен, атап айтқанда, Ұзын-ата, Алатау батыр, Қызылқұм, Сүткент, Ақ алтын, Егізқұм, Достық, Көксу, Қоссейіт, Шардара ауылдары және Шардара қаласындағы 12 шағынаудан табиғи газға қосылған. 

* * *
Өңірде балық шаруашылығын одан әрі дамыту мақсатында аудан, қала әкімдіктеріне жоспар бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылды. Бүгінде облыста жаңадан ашылған балық шаруашылықтарының саны 11-ге көбейіп, жалпы саны 231-ге жетті. Тауарлы балық өсірушілерге 500,0 млн. теңге көлемінде субсидия берілді (31 кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетілді). Бағдарламаға сәйкес, 2024 жылы тауарлы балық өсіру көлемін 7000 тоннаға жеткізу жоспарланған еді, бүгінде жоспар толық орындалды.

*  *  *
Жаңа жыл қарсаңында Сарыағаш ауданына қарасты Жылға елді мекенінде ауыз су қоймасының құрылысы аяқталып, тұрғындар таза ауыз сумен қамтылды.

*  *  *
Сондай-ақ, бұл күндері бірқатар елді мекенде әлеуметтік нысандар ашылды.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Жібек жолы ауылдық округі, Қарабау елді мекенінде және Жылға ауылдық округіне қарасты Шымырбай елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункттер ел игілігіне берілді.
Сондай-ақ, осы күні Қанағат елді мекенінде 150 орынды Мәдениет үйі мен кітапхана ашылса, Жартытөбе ауылдық округінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді.

*  *  *
Жетісай ауданында құрылысы жүргізілген 6 медициналық-санитариялық алғашқы көмек беру нысандарының тағы біреуі Жаңа жыл қарсаңында ел игілігіне берілді.

*  *  *
Мақтаарал ауданындағы А.Қалыбеков ауылдық округіне қарасты Төрткүл ауылында және Бірлік ауылдық округіне қарасты Табысты ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Бұған дейін Еңбекші ауылдық округіне қарасты Шұғыла мен Нұрлы таң ауылдарында да медициналық нысандар ашылған болатын. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз