Ұрпақ тәрбиесі – ұлағатты іс

Сайрам ауданында «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында «Әкелер мектебінің кеңесі» ұйымдастырылды. Аталған шара аудандық ардагерлер кеңесінің жанындағы «Әкелер мектебінің» төрағасы Сейдуалы Темірбаевтың бастамасымен өтті. 

Тағлымды жиында мәні бөлек, мазмұны ерек мәселелер көтерілді. Ортаға орамды ойлар тасталды. 
Жиында аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық ұйымының мүшелері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ілес Айтжан, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Есалиев сөз алып, жас ұрпақты тура жолдан тайдырмай тәрбиелеу баршаның қастерлі парызы екенін жеткізді. Сонымен қатар өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі ата-аналар, ардагерлер, әкелер мен әжелердің рөлдері туралы ойларын ортаға салып, нақты кеңестер берілді. 
Аталған іс-шараға Сайрам ауданының барлық білім беретін жалпы орта мектептерінің директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жас ұрпақ тәрбиесіне жауапты педагогтар, ата-аналар комитетінің төрағалары және де Сайрам ауданының әкелер, әжелер ұйымдарының алқа мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Алдағы уақытта ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде осындай кездесулер ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз