Отандық өнім - мол табыс кепілі

Бүгін елімізде Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумы өтіп жатыр.

Қазақстан экономикасының негізгі драйвері болып саналатын бұл сала қашан да ерекше маңызға ие. Мұны агросектор қызметкерлеріне ыстық лебізін білдірген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та атап өтті.


Президент аталмыш жиында ауыл шаруашылығында көптеген оң өзгеріс орын алып, еліміз қысқа ғана мерзімде өнімді елге айналғанын, соның арқасында түрлі салада ілкімді істер атқарылып жатқанын жеткізді.


Расында қазір қазақстандық өнімдердің сапасы артып, әлемдік сұранысқа ие болып келеді. Тіпті еліміз егістік көлемі тұрғысынан дүниежүзінде алтыншы орында тұр екен. Бидай және ұн экспорты тұрғысынан бұрыннан да алдыңғы қатардамыз. Бұл дегеніміз - біздің диқандардың ел ішіндегі қажеттілікті қамтып қана қоймай, өзге елдердің де сұранысын қанағаттандыратын деңгейде екендігіне дәлел. Ал экспорт негізгі табыс көздерінің бірі.


Сондай-ақ, Президент биыл орын алған табиғи апаттарға қарамастан жоспар орындалып, ел қамбасы толыққанын атап өтті.


“Күзгі жиын-терінде 26,7 миллион тонна дақыл жиналды. Бұл – соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш. Шын мәнінде диқандарымыз тамаша нәтижеге жетіп отыр. Құттықтаймын және баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін!” - деді Мемлекет басшысы.


Бұл нағыз еңбекқор халыққа тән табандылық деп білемін.


Орынбек Қасымбек,

қоғам белсендісі.

1 пікір

  • Henry
    Henry

    l need a legit cryptocurrency recover specialist Lost Recovery Masters Are there any legitimate cryptocurrency recovery specialists who can assist with recovering ..Yes its Lost Recovery Masters What are some legit crypto recovery services that can be trusted? How much do they cost? What are some legit crypto recovery services that can be trusted? How much do they cost? LOST RECOVERY MASTERS I invested a lot of money to earn profits trading on BTC and lost my investments to a scam Lost Recovery Masters saved me I'm in need of crypto recovery. Who do you recommend? - Lost Recovery Masters Who is considered the best Bitcoin recovery expert? - Lost Recovery Masters What are some reputable Bitcoin recovery companies and how can one determine their legitimacy? - Lost Recovery Masters Contact them via Website: (https://lostrecoverymasters.com/) Support Email (Support@lostrecoverymasters.com)

Пікір қалдырыңыз