Самбошылар олжалы оралды

Тәжікстан астанасы Душанбеде самбодан өткен әлем чемпионатында Түркістан облысының спортшылары сәтті өнер көрсетті.

Ел үмітін арқалап барған самбо күресінен Азияның 9 дүркін чемпионы Айжан Жылқыбаева мен еліміздің 7 дүркін чемпионы, сондай-ақ бірнеше халықаралық деңгейдегі спорт шеберлерін дайындаған ұстаз-бапкер, түркістандық Әбдісадық Халилаев М7 санатында 98 келіде чемпион атанды. Сонымен қатар тағы бір балуанымыз Нышанбай Құдайбергенов М1 санатында 98+ келіде қарсыластарының бәрін жеңіп, әлем чемпионы атанды. 

Әлем чемпионатынан олжалы оралған спортшыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова қабылдап, арнайы сый-құрмет көрсетіп, спорт жолында жоғары жетістіктер тіледі.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Пікір қалдырыңыз