Кіші футболдан депутаттар арасындағы облыс біріншілігі өтті
Газетімізде бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2024 жылғы 11 қазан күні Түркістанда Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жылдығы аясында Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен депутаттар арасында кіші футболдан облыстық біріншілік өтті.
Футбол бәсекесінің қорытындысында облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев және облыстық мәслихат депутаттары жасыл алаңда жеңіске жеткен командаларды арнайы құттықтап, жүлделі орындарды табыс етті.
Жарыстың қорытынды есебі бойынша 1 млн. теңгені жеңіп алған, Мәслихаттың 30 жылдығында естен кетпес ойын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінген Түркістан қалалық мәслихатының депутаттарынан құралған команда бірінші орын иегері атанды.
Ал, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары жүлделі 2-орыннан көрінді. Жүлде қоры – 500 000 теңге.
Дүбірлі додада 3-орын алған Арыс қалалық мәслихаты 300 000 теңгені, Қазығұрт аудандық мәслихат депутаттары төртінші орыннан көрініп, 200 000 теңгені қанжығаларына байлады.
Сонымен қатар, Мәслихаттың 30 жылдығына орай ұйымдастырылған теңбіл доп додасында белсенділік танытқан облыстық мәслихат депутаттары Баймахан Сүлейменов, Ғани Райымбеков
арнайы марапатқа ие болды.
Ал, жүлделі номинация бойынша:
Үздік ойыншы – Нұржан Жамалбеков Түркістан облыстық мәслихаты, үздік қақпашы – Арсен Ахметов Ордабасы ауданы, үздік қорғаушы – Әділхан Асауов Жетісай ауданы және үздік шабуылшы – Хамит Байысбаев Түлкібас ауданының халық қалаулылары ие болды.
Сонымен қатар, барлық команданың қатысушыларына қомақты сыйлықтар, кубок, медаль, Алғыс хат табысталды.