Италияда оқып жүр
Келес ауданы, Бірлесу ауылдық округінде орналасқан №33 «Жуантөбе» жалпы білім беретін мектебінің 2019 жылғы түлегі Жансая Саттар Италияның Парма қаласында магистратурада грант негізінде білім алып жатыр. Дарынды жас жақында Harvard университетіне «Қазіргі әлемді басқаратын бірегей идеяларды жасаудың негізгі құндылығын көрсететін жаңа көкжиектерді құру: бүгін мен болашақты карталау» атты ғылыми конференцияға болашақ көшбасшы, спикер ретінде қатысып, халықаралық сертификатқа ие болды.
– Мектеп ұстаздары осындай дарынды түлектерін қашан да мақтан тұтады. Жансаяның тілдерді меңгеруіне ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шолпан Букенбаеваның еңбегі зор болды, – дейді мектеп директоры Жазира Тіленова.
Айта кетейік, келестік түлек Harvard университетінен бөлек, Сambridge (Кембридж) университетіне көшбасшылықты басқару тақырыбында 5 күндік семинарға қатысып, сертификатқа ие болған. Бүгінде бұл мектепте 900-ден аса оқушы білім алады.
Г.АЙХОДЖАЕВА.
Келес ауданы.