Демографиялық ахуалымыз қандай?

Биылғы 1 шілдедегі көрсеткіш бойынша Түркістан облысы тұрғындарының саны 2150,8 мың адамды құрады. Атап айтқанда, қалаларда 533,3 мың адам, ауылды елді мекендерде 1617,5 мың адам тұрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда облыста халық саны 17,2 мың адамға немесе 0,8 пайызға өскен.  

Халықтың табиғи қозғалысы туралы тарқатып айтар болсақ, 2024 жылғы қаңтар-маусым аралығында облыс халқының табиғи өсімі 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға кеміді, яғни 21506 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 20,11 құрағанын ескерте кетейік. Биылғы қаңтар-маусым айлары аралығында облыс бойынша 26499 нәресте дүниеге келген. Мұның өзі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 пайызға кем деген сөз. Енді оның қаншасы ұл, қаншасы қыз дегенге келсек, дүниеге келген сәбилердің басым бөлігін ұл балалар құрап отыр. Дәлірек айтсақ, осы кезеңде 13855 ұл бала,12644 қыз бала дүниеге келген. Яғни, 1000 қыз балаға 1096 ұл баладан келеді. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 24,78 туылғандарды құрады.
Қарастырылып жатқан кезеңде қайтыс болғандар саны 4993 адамды құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-маусыммен  салыстырғанда 1,8 пайызға көп. Жалпы қайтыс болғандар санының 52,3 пайызы немесе 13855 адам еркектер. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 4,67 қайтыс болғандарды құрады.
Қан айналымы жүйесі аурулары өлімнің басты себептерінің бірі болып тұр. Олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 22 пайызы тиесілі болса, тыныс органдары ауруларынан 9,3 пайыз, жазатайым жағдайлардан, уланудан және жарақаттанудан 7,8 пайыз, қатерлі ісік ауруларынан 6,7 пайыз адам қайтыс болған. 
2024 жылғы қаңтар-маусымда облыс бойынша 1 жасқа дейінгі 208 нәресте шетінеді, бұл 2023 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,6 пайызға кем. Нәресте өлім дүниеге аман-сау келген 1000 сәбиге шаққанда 7,85-ті құрады. Нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері – перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар болып табылады. Одан 2024 жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында 67 нәресте шетінеген. Бұл 1 жасқа дейінгі барлық өлімнің 32,2 пайызын құрап отыр.   
Халықтың көші-қоны да демографиялық жағдайға әсер етеді. Айталық, өткен жылғы қаңтар-маусым айлары аралығында Түркістан облысына тұрғылықты тұруға келгендердің саны 28211 адамды (облыс ішіндегі көші-қонды есепке алмағанда), кеткендердің саны 41093 адамды құрады. Бұл көші-қонның айырмашылығы 12882 адам (теріс) болды. 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда иммигранттардың саны 11998 адамға өсті немесе 74 пайызға, эммигрантардың саны 17182 адамға немесе  71,9 пайызға өсті.
Халықаралық ағымда ТМД елдерімен алмасудың басымдығы байқалады. ТМД елдерінен ең көп иммигранттар ағыны Өзбекстаннан (81,7%) және Ресейден (10,8%) орын алды. Ал, 56,9 пайыз кеткендер Өзбекстанға қоныс аударғандар.

Ақжол МЫРЗАБАЕВ,
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 
Түркістан облысы бойынша  департаменті 
әлеуметтік және демографиялық статистика 
басқармасының бас маманы. 

1 пікір

  • Alicia Endre
    Alicia Endre

    HOW TO FIND AND RECOVER YOUR STOLEN BITCOIN I’m writing to the public to provide knowledge about Lost Recovery Masters. Look no further if you ever demand hacking services, When I lost more than $150,000 USD in bitcoin, individually I found myself in a challenging situation, I was inconsolable and believed I had reached my lowest point, I had no hope of getting my invested money back. All that changed when I discovered Lost Recovery Master and everything was transformed. The company intervened and helped me get all my money back within a short period of time. Their services are well recommended and they ensure maximum satisfaction to their clients. You can contact them via Website: (https://lostrecoverymasters.com/) Whatsapp (+44(7537-105921) Support Email (Support@lostrecoverymasters.com)

Пікір қалдырыңыз