18 жасар донордың бүйрегі алты баланың әкесіне салынды
Өңірімізде медицина саласы жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Жақында облыста алғаш рет дәрігерлер мәйіттік донордан алынған ағза алмастыру отасын сәтті жасады.
Донор болған науқас жол апатынан кейін облыстық клиникалық ауруханасына ауыр халде түскен. Ауыр жарақат салдарынан қайтыс болған 18 жастағы жігіттің туыстары марқұмның ағзасын алуға заңды түрде рұқсат берген. Түркістан облыстық клиникалық аурухана базасында алғаш рет мәйіттен ағза алу отасы жасалды. Көп ағзалық отаны алу барысында марқұмның бауыры, жүрегі, екі бүйрегі, өкпесі алынды.
Түркістан облысында алғаш рет мәйіттік донордың ағзасын алып, мұқтаж адамға салу отасы өтті. Трансплантация тараздық тұрғын, 6 баланың әкесі Дархан Оспановқа жасалды. Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында жасалған трансплантациялық ота 2 сағатқа созылды. Мұндай ота Түркістан облысында алғаш рет жасалып отыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.