«Жетістіктер көп, проблемалар да аз емес»

Төлеби ауданы тұрғындарының саны 120 мың болса, соның үштен бірі Леңгір қалалық ауруханасының қызметіне жүгінеді. Атап айтқанда, Леңгір қаласы мен оған жақын елді мекендердегі 40 мыңнан астам тұрғын аталған аурухана мен қалалық емханадан медициналық көмек алады. Осы орайда Леңгір қалалық ауруханасының бас дәрігері, медицина ғылымдарының кандидаты Елдос Сұлтановпен сұхбаттасқан едік.

– Елдос Едігеұлы, облыс жұртшылығы өзіңізді ширек ғасырдан бері білікті хирург ретінде жақсы таниды. Леңгір қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметіне кіріскеніңізге де біршама уақыт болды. Жалпы аурухананың тыныс-тіршілігімен таныстырып өтсеңіз...
– Иә, дұрыс айтасыз, Леңгір қалалық ауруханасына келгеніме бір жарым жылдан асты. Оның алдында 20 жылдай облыстық клиникалық ауруханада еңбек еттім. Қарапайым дәрігерден бастап, бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары қызметтерін атқарып, содан соң Қазығұрт аудандық ауруханасына бас дәрігер етіп жіберді. Содан кейін облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері болып қызмет атқардым. 2023 жылдың қаңтарында осы Леңгір қалалық ауруханасына бас дәрігер  болып тағайындалдым.
Бұл аурухана ғимараты 2014 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында 213 төсек-орынға лайықталып салынған. Мұнда хирургия, терапия, гинекология, перзентхана, балалар бөлімі, жұқпалы аурулар, физиотерапия, лаборатория бөлімдері жұмыс істейді. Сонымен қатар, Тоғыс елді мекеніндегі қылмыстық атқару жүйесіндегі колония да біздің ауруханаға қарайды. Онда қазіргі таңда 750 азамат жазасын өтеп жатыр. Оларға қандай да бір медициналық көмек қажет болса, бізге жүгінеді. Жақында колония жанынан жаңа емхана пайдалануға берілді. 
Ауруханада 45 дәрігер, 125 медбике, 89 кіші буынды медициналық қызметкер, 62 шаруашылық қызметкері еңбек етеді. Қалалық аурухана мен қалалық емхана бір аумақта орналасқан. Жалпы аумағы 9 гектарды құрайды. Оның 7 гектары жасыл желекке айналған. Келушілер мен науқастардың емделуіне, демалуына барлық жағдай жасалған.
– Ғимараттарыңыз жаңа есепті, мамандарыңыз білікті, ендеше, проблема да жоқ шығар...
– Неге болмасын?! Аурухананың пайдалануға берілгеніне биыл 10 жыл болады. Соның өзінде қосымша құрылысты, жөндеуді талап ететін учаскелер кездеседі. Аурухананы салған кезде жылу жүйесін дұрыс жүргізбеген. Яғни ыстық су үшін бөлек құбырлар орнатылмаған. Соның салдарынан ыстық су тек жылыту маусымы кезінде ғана болады. Өзге уақыттарда ауруханада ыстық су берілмейді. Сондықтан қызметкерлеріміз электр энергиясына қосылған қосымша су жылыту құрылғыларын пайдалануға мәжбүр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс-хат жіберілді. Алдағы уақытта өз шешімін табуы тиіс.
Сонымен қатар, медициналық құрылғылардың да жетіспеушілігі кездеседі. Соның ішінде ең негізгісі – лапароскопиялық ота жасауға арналған жабдықтар. Аурухана қызметіне Леңгір қаласына жақын жерде орналасқан 6 елді мекеннің тұрғындары жүгінеді. Себебі, оларға Көксәйек ауылында орналасқан аудандық ауруханаға жету қиындау. Жедел көмекті қажет еткен жағдайда біздің ауруханаға келеді. Ол елді мекендерде 26 мың тұрғын бар. Өздеріңіз білесіздер, Төлеби ауданы – туризм саласы дамыған аудандардың бірі. Іргеміздегі демалыс орындарына облыстың ғана емес, еліміздің әр аймағынан демалушылар келеді. Оларға да медициналық көмек керек бола қалса, бірінші болып біздің дәрігерлер жәрдем көрсетеді. Бізге адамдар көбіне дене жарақаттарымен келіп түседі. Жол апаты, тауда серуендеп жүріп құлап кету деген секілді жағдайлар орын алса, жедел көмек алу мақсатында бізге жүгінеді. Сол үшін жоғарыда айтқан құрал-жабдықтар бізге аса қажет.
Тағы бір айта кетерлік жайт, ауруханамызда компьютерлік томография аппараты жоқ. Қаламыздағы жекеменшік клиникаларда КТ бар. Шаһар тұрғындары солардың қызметіне жүгінеді. Дегенмен, халық саны көп болғандықтан ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр. Осы проблемаларды көрсете отырып, облыстық денсаулық сақтау басқармасына ұсыныс-хат жолдағанбыз. Жыл соңына дейін бұл аппараттар ауруханаға келіп қалады деп күтіп отырмыз.
– Қандай жетістіктеріңіз бар?
– Бұрын ірі орталық ауруханаларда ғана жасалатын оталарды өзіміздің қалалық ауруханада да жасай беретіндей дәрежеге жеттік. Қазіргі таңда ауырып келген науқастардың ешқайсысы ота жасату үшін әуре болып облысқа барып жатпайды. Отаны қажет ететін науқастардың 99 пайызына өзіміз ота жасаймыз. Құрылғы жетіспеушілігіне байланысты облысқа жіберетін кезіміз болып тұрады. Бірақ, ондай жағдай өте сирек кездеседі. 
Ауруханамызда күрделі оталар да жасалады. Атап айтсақ, бауырдың бір бөлігін алып тастау, бауыр құртын алу, іштің жарықтары, асқазан жарасы, асқазанның жарылып қанауы секілді отаны қажет ететін науқастар өзімізде емделеді. Сонымен қатар, асқазанның жартысын алып тастау, бұрын облыстық медицина мекемелерінде ғана жасалатын ішекті жалғау отасын бүгін  өзіміз-ақ жасай береміз. 
Айта кетерлік тағы бір мәселе бар. МӘМС арқылы қазір әрбір азамат өзі қалаған жерінен ем ала алады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, өзге аудандардан да біздің дәрігерлерге қаралғысы келетін науқастардың қарасы көбейіп келеді. МӘМС қорының ережесінде «егер қандай да бір медициналық мекеме өзіне белгіленген бір айлық межеден (қаржылық) асып кететін болса, оның асып кеткен сол қаржысы қорға қайта аударылады» деген сөз бар. Бұл – үлкен мәселе. Мысалы, біз бір айлық межемізді орындап тастадық делік. Алдымызға ауыр жағдайдағы күрделі отаны қажет ететін науқас келіп тұр. Біз межені орындап тастағанбыз деп қызмет көрсетуден бас тарта алмаймыз ғой. Бірақ, көрсеткен қызметіміз үшін төленетін қаражат біздің есебімізге түспейді. Ереже солай. Осы межелік бағанды алып тастау үшін қор басшылығына да, халық қалаулыларына да хат жазып жатырмыз. Бұл жалғыз біздің аурухананың проблемасы емес, бүкіл республикадағы медицина мекемелері бас ауыртып отырған өзекті проблема болып тұр.
Ауруханаға қарасты перзентханада да жоғары санатты дәрігерлер бар. Құдайға шүкір деп айтамыз, биыл перзентханамызда ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. Былтыр мұндай екі факт тіркелген. Оның бірі – бас миының дұрыс дамымауы салдарынан болса, екіншісі – жол апаты салдарынан орын алып, жатырдағы сәбиді аман алып қалу мүмкін болмады. Одан өзге ана мен бала өлімі тіркелмеді.
Қазіргідей жаз айларында Төлеби ауданының аумағына келіп демалушылар өте көп. Демалыс аймақтарына баратын автожолдар өте тар. Сол себепті жол апаты жиі орын алады. Әртүрлі дене жарақаттарымен, кейбіреулері өте ауыр жағдайда біздің ауруханаға түсіп жатады. Оларға қолдан келгенше көмектесеміз. Бірақ, проблеманы шешудің ең төте жолы проблеманы болдырмау екенін естен шығармаған абзал. Автокөлікке арналған жолдарды кеңейту жөнінде аудандық, облыстық мәслихаттардың нешеме жиынында айтқанбыз. Алайда, проблема проблема күйінде қалып отыр. Осы орайда «Оңтүстік Қазақстан» газеті арқылы демалыс орындарына келушілерге құлаққағыс айта кетсем деймін. Демалуға келгенде барынша сақтық шараларын сақтаңыздар. Автокөлікпен жүргенде жылдамдықты асырмай, тауға шыққанда қауіпсіз жерлерге ғана барып, өздеріңіз білмейтін, бұрын көрмеген орындарды жалғыз, арнайы мамансыз араламауды сұраймыз. 

– Әңгімеңізге рахмет! Істеріңізге табыс тілейміз!

Сұхбаттасқан 
Ерболат АЙНАБЕКОВ,
«Оңтүстік Қазақстан».

Пікір қалдырыңыз