Аулаң қандай, ағайын?

Оңүстік өңірінде бағбаншылар мекені  деп айтсақ артық айтпағанымыз.Батыс Қазақстан облысында ішкі нарыққа бау-бақша өнімдері ең алдымен Оңтүстік өңірден келеді.Климтқа байланысты жергілікті бағбандарға бәсекеге түсу оңайға соқтырмайды,деседе ауылдық жерлерде алақандай алқаптан көл көсірөнім алып отырған отбасылар бар.Солардың бірі Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының шаруалары иелігіндегі жылыжайларда көкөністерден басқа да өнімдерді өндіріп, табысын еселеп келеді. Солардың бірі — Дербісек елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Альфия Аширбаева. Ол өзінің иелігіндегі 35 сотық жылыжайының жартысына әдеміліктің символы, көшені безендіруге арналған гүлдердің 20-ға жуық түрін өсіріп жатыр.Кәсіпкер еңбегімен еліміздегі қалалардың көшелерін абаттандыруға өзіндік үлесін қосып келеді. Бастапқыда ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 6,0 млн. теңге көлемінде төмен пайызды несие алып, жұмысын бастаған. Бүгінгі таңда жылыжайдан жылына 300000 – 500000 түп аралығында гүлдердің көшетін өндіріп, Нұр-Сұлтан, Алматы және облыс орталығы Түркістан қалаларына саудалап жатыр.

 

  Биыл ауа райы салқын әрі жаңбыр толасыз жауды.Ал бұндай ауа райы бақташылардың шығымына әкеліп соқтырады.Альфия ханым кәсібінің мұншалықты ауқымды дәрежеге жетеді деп ойламағанда атап өтті.Осының өзінде талмай еңбектеніп қызығын көріп отырған жайы бар.Жайқалып өсіп тұрған алуан гүлдердің мезгілі көктем және жаз айлары екенінде толықтырып атап өтті.Кәсібін одан әрмен домалату үшін арнайы кеңестер алып тәжербие алмасып отырады екен. Бұл кәсіпті бағбан алғаш Райхан гүлін өсіруден бастапты. Қазір жылыжайында голландиялық Астрамерия гүлінің 10 түрін жерсіндіріп, жайқалтып отыр. Еуропалық гүлдің бір ерекшелігі - жыл он екі ай өнім береді. Көпшілік ексе өсе береді деп ойлайды. Гүл егу деген бұл әдемілікті қалағаннан кейін біз үнемі ізденісте жүреміз. Қиыншылығы күтіп-баптауда. Гүлінде бір дақ болса, ол әдемілігін жоғалтады. Сол үшін зақымдандырмауға, бір жері бүлінсе, гүл сатылуға шықпайды. Жылуы дұрыс болмаса, гүлі жақсы гүлдемейді. Бойы өспей қалады.Дербісектік бағбандардың басым көпшілігі бірыңғай қызғалдақ егеді. Мұндағы тұрғындардың арнайы білімі болмаса да гүл баптаудың қыр-сырын бір кісідей меңгеріп алған.Әсемдік пен керемет көңіл сыйлайтын ғажап гүлдер осы керемет қолдары алтын бақташылардың еңбегі.

Айдана Палуан,

М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың 2-курс студенті.

Пікір қалдырыңыз