Ресей президенті: «Тоқаев барлық бағыт бойынша өзара іс-қимылды қолдайды»

KAZINFORM. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ) аясында өткен ірі халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесуі барысында мәлімдеді.

Кездесуде «Казинформ» ХАА-ның бас редакторы Асқар Джалдинов: «Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара қарым-қатынастың болашағы қандай?» деп сауал қойды.
«Өте жақсы, басқаша айта да алмаймыз. Біз өте жақын, одақтас, стратегиялық қарым-қатынастамыз. Бұл сауда-экономикалық байланыстарға да қатысты, олар сенімді түрде өсіп келеді. Жыл сайынғы айналым деңгейі де осыны көрсетіп тұр. Біздің өзара әрекеттесуіміздің көптеген бағыты бар. Мен тіпті бәрін тізбектеп айтып та бітпеймін. Бұған энергетика, өнеркәсіптік ынтымақтастық және ғарыш саласы да кіреді. Біздің ортақ шекарамыз үлкен. Халқымыз да бір-бірімен тығыз араласады. 
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен үнемі байланыстамыз. Бізде өте жылы, сенімді достық қарым-қатынас қалыптасты» деп атап өтті В.Путин.
В.Путин Ресейдің 76 субъектісі Қазақстанның тиісті аумақтарымен тікелей қарым-қатынаста екенін айтты. Ресей президентінің айтуынша, олардың жұмысы тиімдірек, өйткені, адамдар бір-біріне сенеді.
«Шынымды айтсам, біздің қарым-қатынасты қандай да бір жолмен қиындататын ойды көріп тұрған жоқпын. Қытаймен ынтымақтастық туралы айттық, бізде тауар айналымының 90%-ы ұлттық валюталарға тиесілі. Біздің Қазақстанмен қарым-қатынаста да солай болып жатыр. Ол 100%-ға таяп қалды. Яғни бізде барлық вектор бойынша өте нәтижелі бірлескен жұмыстар жүріп жатыр. Соның барлығы біздің өзара іс-қимылды қолдайтын Президент Тоқаевтың арқасында» деп сөзін түйіндеді Ресей басшысы.

1 пікір

  • Sarah Sliverman
    Sarah Sliverman

    FINALLY I GOT MY LOST BITCOIN BACK ALL THANKS TO LOST RECOVERY-MASTERS Hello people, I am Sarah Silverman an Actress from Independent films in the USA. I highly recommend the service of Lost Recovery Masters to everyone who wishes to recover lost money either bitcoin or other cryptocurrencies from these online scammers, wallet hackers, or if you ever sent bitcoins to the wrong wallet address. I was able to recover my lost bitcoins from online swindlers in less than 24 hours after contacting them. They are the best professional hackers out there and I’m truly thankful for their help in recovering all I lost. If you need their service too, here is their contact information. Email: Support@lostrecoverymasters.com Website https://lostrecoverymasters.com/

Пікір қалдырыңыз