Қаламы қарымды, жазғаны жалынды журналистерге құрмет көрсетілді

Түркістанда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аталып өтті. Кәсіби мерекеге орай «Конгресс Холл» кешенінде ұйымдастырылған іс-шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, құттықтады.
– Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Алаштың ардақтысы Міржақып Дулатұлы «Қай жұрттың баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де күшті» деген екен. Бұл тұжырым қазір де барынша өзекті. Журналист болу – халыққа қызмет ету. Ақпарат саласы – қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды сала. Сондықтан журналистика саласына артылар міндет пен жүктің жеңіл емес екендігі белгілі. Бүгінде Түркістан облысының медиа кеңістігінде 180-нен аса бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істеуде. Өңірімізде абырой биігінен көрініп жүрген кәсіби журналистеріміз аз емес. Олар еселі еңбегімен оқырманның, көрерменнің алғысына бөленуде. Сіздерге Түркі жұртының рухани астанасы – Түркістанның қалыптасуына, Түркістанның көркеюіне қосып жатқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс айтамын. Алдағы уақытта да ел игілігі жолында қалам құнарымен, ой шұрайымен қоғамға талмай қызмет ете беріңіздер!
Сіздерге еңбектеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! — деген облыс басшысы бірқатар сала қызметкерлерін марапаттады.
«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің бөлім меңгерушісі Дәулет Тұрсынұлына, «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Ирина Притулаға, «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Мухтабар Османоваға, «Рейтинг» газетінің бас редакторы Бақытжан Дәуітовке, «Айғақ» телеарнасының аға телеоператоры Ақжол Рахманқұловқа, облыс әкімі баспасөз қызметінің маманы Ғабит Сапарбековке, Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің жетекшісі Төребек Байтасовқа ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі табысталды. Ал, редакциямыздың қызметкері Сапура Өсерова Түркістан облысы әкімінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.
      * * *
Иә, биылғы жыл бұрынғыдан өзгерек. 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнінде Мемлекет басшысы еліміздің ұлт руханиятына өлшеусіз еңбек сіңіріп келе жатқан кәсіби журналистердің ерен еңбектерін елеп, бағалады. Соның ішінде ақиқаттың арда жүгін арқалап жүрген оңтүстік өңірінің талантты көсемсөз бен көркемсөз шеберлері де бар. «Замана» Баспа үйі редакторлар кеңесінің төрағасы, «Замана» серіктестігінің директоры Иса Тасқұлов, тележурналистика саласында есімі белгілі оператор  Ағабек Қазанбай «Құрмет» орденінің иегері атанды. Қазақстан Журналистер одағының шешімімен Әбдез Рахман­ұлы «Қазақстанның құрметті журналисі» төсбелгісімен марапатталды. «Turkistan Media Holding» ЖШС-нің бас директоры Жанахмет Ағыбаев, сонымен қатар өңіріміздегі талантты журналистер Ғани Қалмахан, Бейсенкүл Нарымбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Халыққа жаңалықтарды салмақты сөз, салиқалы пікірлерімен жеткізіп келетін, «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шыққан таланттарға  марапат құтты болсын дей отырып, шығармашылық шабыт, ұшқыр ой, қарымды қалам, жемісті еңбек тілейміз!

«ОҢТҮСТІК»-ақпарат.

2 пікір

  • Abigail Kelly
    Abigail Kelly

    If not for Baba Powers what would my life turn out to be? I want you all to please contact Baba Powers now to get the powerful black mirror from him. I want you all to also BELIEVE AND TRUST HIM because whatever he tells you is the TRUTH and 100% guaranteed. The black mirror makes it happen, attracts abundance. I bought the black mirror from Baba Powers and now, I am super rich and successful with the help of the black mirror. When I first saw the testimonies of Baba Powers of the black mirror, I thought it was a joke but I contacted him to be sure for myself and to my greatest surprise, the black mirror is real. The black mirror is powerful. Check him out on his website to see plenty of amazing testimonies from people about him. These are some of the people that he has helped. Here is his website; Babablackmirrorsofpowers.blogspot.com and here is his email; Babablackmirrors@gmail.com I really can't thank you enough Baba Powers. God bless you, thank you

  • Alexa Mika
    Alexa Mika

    Help To Recover Scammed Cryptocurrency // Lost Recovery Masters I never thought I would get scammed of all my assets on this exchange which I was warned by friends to keep off the exchange, they stole all my life saving the total funds of $88k worth of bitcoin. I couldn’t believe bitcoin could ever be recovered, all thanks to a kind hearted team of Lost Recovery Masters they just offered me top notch services and they are capable of offering hacking services of any sort. To that one person or persons out there who really need a true and efficient cryptocurrency recovery expert I would advise you to contact Lost Recovery Masters via Email: Support@lostrecoverymasters.com Whatsapp +44(7537)-105921 Website: https://lostrecoverymasters.com

Пікір қалдырыңыз