Маусым басталмай жатып 9 адам суға кетті
Бауыржан ЕРМАН,
«Оңтүстік Қазақстан».
Түркістан облысы халқы көп әрі ауа райы ыстық өңір болғандықтан мұнда су айдындарындағы адам өлімі ең өзекті проблемалардың бірі болып саналады. Тіпті, биылғы шомылу маусымы басталмай жатып-ақ Бәйдібек, Қазығұрт, Түлкібас, Жетісай, Келес аудандары мен Түркістан қаласында 9 адам суға кетіпті. Оның алтауы ата-аналарының қарауынсыз қалған жасөспірімдер екен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дүйсен Оразгелді журналистермен өткізген брифингте мәлімдеді.
Бүгінде өңірімізде жалпы 4334 су нысаны бар екен. Оның 42-сі су қоймасы, 149-ы ірі және кіші өзендер, 25-і көл, 2870-і канал және 1248-і қашыртқылар. «Түркістан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» облыс әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес, 11 коммуналдық жағажай орындары белгіленген. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттың «Түркістан облысында ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» шешімімен 111 шомылуға қауіпті аймақтар бекітіліп, ол жерлерге шомылуға тыйым салу белгілері орнатылған.
– Қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында облыс әкімі жыл сайын су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жоспарын бекітіп, ол қала, аудан әкімдіктеріне және басқа да құзырлы мекемелерге жолданады. Сонымен қатар, 2024 жылдың 10 сәуірінде облыстық ТЖК мәжілісі өткізіліп, өзекті мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді. Осы орайда, халық шомылатын арнайы және ресми орындары жоқ аудандардағы елді мекендердің аумағына модульді-каркасты бассейндер орналастырып, балалардың тегін және қауіпсіз шомылуына мүмкіндік жасалуда. Сонымен қатар, жекеменшік бассейні бар кәсіпкерлермен меморандум түзіліп, әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардың балаларын тегін шомылдыру жұмыстары жүргізілетін болады. Одан бөлек, судағы қауіпсіздік шаралары бойынша үгіт-насихат жұмыстарына айрықша көңіл аударатын боламыз. Атап айтқанда, аудан және қалаларда судағы қауіпсіздік шаралары бойынша баннерлер ілінеді, жадынамалар, плакаттар таратылады, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырылады, БАҚ беттеріне материалдар жарияланып, ЛЭД-экрандарда, кинотеатрларда судағы қауіпсіздік бойынша бейнероликтер көрсетіледі және т.б. Жергілікті полиция қызметімен бірлесіп және еріктілерді тарта отырып аудан және қалалар аумағындағы шомылуға тыйым салынған орындарда рейдтер ұйымдастырылады. Су айдындарында қауiпсiздiк қағидаларын бұзу немесе орындамау, балалардың үлкендердің қарауынсыз жүруі анықталған жағдайда айыппұл салынады, – деді Оразгелді Нұрмаханұлы.
Сонымен қатар, департамент пен облыстық білім басқармасы бірлесіп, балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шараларды ұйымдастырмақ. Бұл тұрғыда облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жиынында аталған мәселе қаралып, құзырлы органдар барлық аудан, қалаларда ата-аналармен кездесулер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мектеп директорларының қатысуымен судағы қауіпсіздік бойынша семинарлар және әр сыныпта «Судағы қауіпсіздік ережелері» бойынша ашық сабақтар өткізіліп, арнайы қауіпсіздік бұрыштары орнатылыпты.
– Ата-аналар жиналыстарында судағы қауіпсіздік бойынша арнайы нұсқамаларға қол қойдыру арқылы таныстыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, облыс тұрғындары негізінен әлеуметтік желілерді пайдаланатынын ескере отырып, барлық ұйымдардың әлеуметтік желілеріне және ата-аналар комитеті мен оқушылардың WhatsApp желісіндегі топтарына орын алып жатқан қайғылы жағдайлар, ақпараттық сипаттағы жадынамалар мен бейнероликтер кеңінен таратылуда, – дейді спикер.
Жалпы, қайғылы оқиғалар көбінде каналдарда орын алады екен. Мәселен, өткен жылы суға кету бойынша 19 жағдай тіркелген. Осыған орай, Түркістан қаласы әкімдігі шаһар аумағында орналасқан «Түркістан магистральды каналының» 13 шақырымына әр 500 метр сайын қауіпсіздік баспалдақтарын, баспалдақтардың тұсына құтқару арқандарын орнатыпты. Одан бөлек, Мақтаарал ауданының аумағынан өтетін 1200 метрлік және Қазығұрт ауданындағы 5000 метрлік каналдарға темір қоршаулар қойылған. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын таппақ.
Sarah Sliverman
FINALLY I GOT MY LOST BITCOIN BACK ALL THANKS TO LOST RECOVERY-MASTERS Hello people, I am Sarah Silverman an Actress from Independent films in the USA. I highly recommend the service of Lost Recovery Masters to everyone who wishes to recover lost money either bitcoin or other cryptocurrencies from these online scammers, wallet hackers, or if you ever sent bitcoins to the wrong wallet address. I was able to recover my lost bitcoins from online swindlers in less than 24 hours after contacting them. They are the best professional hackers out there and I’m truly thankful for their help in recovering all I lost. If you need their service too, here is their contact information. Email: Support@lostrecoverymasters.com Website https://lostrecoverymasters.com/