Бір қарын майды...

Түркістан облысының полиция қызметкерлері қоршаған ортаның абаттандыру қағидаларын бұзу, адамдардың ортақ пайдаланатын орындарын ластау, жасыл екпелерді жою және бүлдірудің алдын алу мақсатында қарқынды жұмыс жүргізуде. 

Мәселен, полицейлер 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылық фактілерін анықтап, шара көрді. 
Атап айтқанда, тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау бойынша 19 дерек, белгiленбеген орындарда сауда жасау бойынша 206 дерек тіркелді. Ал, ортақ пайдаланатын орындарды ластау, оның ішінде рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастау бабы бойынша 917 дерек анықталып, құқық бұзушыларға хаттама толтырылды. 
Мәселен, Қазығұрт елдімекені тұрғынының бірі үйінің құрылысынан шыққан қоқыстарды, малдың малағын көше бойына тастағаны анықталып, жауапқа тартылды.
Сондай-ақ, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, жасыл екпелерді жою және бүлдіру бойынша 590 әкімшілік-құқық бұзушылық фактілері анықталды. Жолдарды, теміржол өткелдерін және басқа да жол нысандарын бүлдіру бабымен 403 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 
Ескерте кетсек, Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдірген полицейлер генерал М.Қабденовтің тапсырмасымен «Тазалық» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Басты міндет – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, әрбір тұрғынды табиғат жанашыры болуға 
шақыру.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз