Гүл көңілге жылу сыйлайды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде жаппай гүл егу жұмыстары жүргізілуде. 

«Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1000 түп георгина, 1500 түп гарцания, 1500 түп сальвия, 500 түп анютка және 500 түп раушан  гүлін егу үшін жерді қопсыту жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, аудан орталығындағы жекеменшік нысандағы мекемелер де өз аулаларында көгалдандыру жұмыстарын қолға алуда. 
Қазіргі таңда С.Жаштаев көшесінің бойы мен кенттің орталық алаңында гүлдер егіліп бітуге таяды. Егіліп жатқан гүлдердің бірнеше түрі Сарыағаш ауданынан әкелінген. Гүл егу жұмыстары С.Қожанов көшесінде де жалғасын тапты. Сондай-ақ, Атакент кентінде де гүл егу жұмыстары жоспарлануда. 
«Мырзакент қызмет» МКК гүлдерді егіп қана қоймай, оларды күтіп- баптаумен де шұғылданады. Дегенмен, кент тұрғындары да өз аулаларында көгалдандыру жұмыстарымен айналысса, аудан орталығы ерекше құлпырады емес пе?! Сондықтан МКК директоры барлық тұрғындарды аулаларына, көше жақ беттеріне гүл отырғызуға үндеді. 
«Егіліп жатқан гүлдердің өз ерекшеліктері бар. Сабағы нәзік болғанымен, тамыры қуатты. Гүл – кез-келген адамның көңіліне жылу сыйлайды. Әдеміліктің, сыйластықтың символы» дейді «Мырзакент қызмет» МКК-ның директоры Тимур Адамбек.

Сәбит ҚАЛДЫБАЕВ.
 Мақтаарал ауданы.
Пікір қалдырыңыз