Түркістан төрінде жолығайық!

Қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің 
жүлдесі үшін өткізілетін дәстүрлі 61-турнирдің ШАРТЫ

Қазақ күресінен «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесі үшін өтетін дәстүрлі турнир биыл 61-рет ұйымдастырылмақ. Қара шаңырақ басылымның 100 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген биылғы турнир облыс орталығы Түркістан қаласында өтеді. 

I. Жарыстың  мақсаты  мен  міндеттері
– Ұлттық спорт – қазақ күресін дамыту және облыстық жаттықтырушылары арасында тәжірибе алмасу, халық арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау;
– Балуандардың спорттық шеберлігін шыңдау;
– Жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу, бұқаралық спорт түрлерімен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру;
– Алдағы өтетін ірі жарыстарға облыс құрамасын іріктеу;
– Қазақ күресін халықаралық деңгейде таныту және бұқаралығын арттыру.
II. Жарыстың өткізілетін  уақыты мен өтетін орны 
Жарыс Түркістан қаласындағы Октябрь Жарылқапов атындағы стадионда 2024 жылдың  2-3 мамыр күндері өткізіледі. Салмақ өлшеу және комиссиядан өту 2 мамыр күні, ал, белдесулер 3 мамыр күні өтеді.

III. Жарысқа басшылық жасау және ұйымдастыру
Жарысты ұйымдастырудағы жалпы басқару «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясына, Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына, Түркістан қаласы әкімдігіне жүктеледі. Төрешілер мен дәрігерлік қызметті ұйымдастыруға Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, жергілікті жердегі жарысты ұйымдастыруға Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі жауапты болады. Жарысқа қатысушылардың жол шығыны мен жатар орны, күнделікті тамағы жіберуші мекемелер есебінен төленеді.
Әр аудан, қаладан 1 өкіл, 1 төреші болуы қажет. 

IV. Жарысты өткізу тәртібі
Жарыс республикалық Қазақ күресі федерациясы бекіткен ережеге сәйкес жүргізіледі. Белдесулер 60, 66, 74, 82, 90, 90+ келі салмақ дәрежелерінде өтеді. «Түйе балуан» атағын сарапқа салу үшін 90 келіден жоғары балуандар күреседі. Жарысқа 2024 жылдың 3 мамырына дейін 18 жасқа толған балуандар қатыса алады. Командалық есепте жеңімпаздар жүлде саны бойынша анықталады. Әр балуанның өз спорттық киімі, екі күртешесі (көк және қызыл) болуы шарт. Жекпе-жек барысында балуандар өзара келісіп күресетін болса, жарыстан шеттетіледі. Турнирге қатысушылардың дәрігерлік анықтамасы болмаса жарысқа жіберілмейді. Жарысқа Түркістан облысының балуандары ғана қатыса алады. Жарысқа қатысатыны жөніндегі мәліметтерді командалар Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына 2024 жылдың 26 сәуіріне дейін жолдауы тиіс. Өтініштер turkestan.oblsport@mail.ru элек­тронды поштасына жолдануы қажет.
V. Жарыс жеңімпаздарын марапаттау
Салмақ дәрежелері бойынша жүлделі орын алған балуандар Түркістан қаласы әкімдігі, «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясы, Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі тағайындаған бағалы сыйлықтарға, тиісті дипломдарға ие болады.


Анықтама алу үшін:
Сағи Баймаханбетов  +7 778 613 06 96,

Самат Арғынбаев  +7 702 814 24 26.

Пікір қалдырыңыз