Бас жүлде – сарыағаштықтарда

Сарыағаш ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ойынқұмарлықтың алдын алу, бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында «Лудомания – қоғам дерті» атты тақырыпта эстафеталық ойындар өтті.

Шараның негізгі мақсаты – жастарға қолдау көрсету, оларды спорттық ойындарға бейімдеу, қоғам дертіне айналған ойынқұмарлықтың алдын алу болып табылады. Жарысқа облысымыздың аудан, қалаларынан 11 команда қатысып, спорттың қол күрес, жүгіру, белтемірге (турникке) тартылу, арқан тартыс түрлері бойынша сынға түсті. 
Жарыс қорытындысында 1-орынды Сарыағаш ауданының, 2-орынды Төлеби ауданының, 3-орынды Қазығұрт ауданының жастары  иеленді. 

Г.Нышанханқызы.
Сарыағаш ауданы.
Пікір қалдырыңыз