Айжан – әлем чемпионы

Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты мәреге жетті. Жаһандық додаға әлемнің түкпір-түкпірінен мықты деген балуандар жиналып, чемпиондық атақты сарапқа салды.

Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғаған түркістандық Айжан Жылқыбаева 48 келі салмақ дәрежесінде барлық қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, әлем чемпионы атанды. Айта кетейік, Айжан – Түркістан облысында қазақ күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш балуан.  Айжанды дүбірлі додаға дайындаған белгілі бапкер Қайрат Пазылбеков екенін айта кеткен жөн. 
Айжан Жылқыбаева – Түркістан облыстық олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірті. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз