«Ұлттық қор — балаларға»: Делдал керек емес


 

         2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы іске қосылды. Енді кәмелетке толмаған барлық қазақстандықтарға Ұлттық қордан инвестициялық кірістің 50%-ы теңдей үлесте есептеледі. 

         Балалардың заңды өкілдері есептелген алғашқы қаржы туралы ақпаратты 2024 жылдың ақпан айында egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетінен көре алады.

         Бірақ, қазірдің өзінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ақысына енгізіп беру қызметтерін ұсынатын «пысықайлар» пайда болуда. «БЖЗҚ» АҚ мұндай хабарландыруларға құлақ аспауға кеңес береді. Балаларыңыздың деректерін тексеріп, енгізуді өзіңіз де тегін және өз бетіңізбен, еш қиындықсыз іске асыра алатыныңызды есте ұстаған жөн. Ол үшін ешқандай құжат жинаудың, шот ашудың, қандай да бір ведомстволарға, оның ішінде БЖЗҚ-ға барудың қажеті жоқ. Қазірге жасалуы тиіс жалғыз маңызды нәрсе – балаңызға қатысты деректердің (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бар болуын және олардың дұрыстығын тексеру. Бұл мәліметтердің egov.kz веб-порталындағы жеке кабинетіңізде тіркелгенін тексеру. Егер сіздің жеке кабинетіңізде балалар туралы ақпарат болмаса, оларды өзіңіз енгізіңіз. Ол саусағыңыздың бірнеше қимылымен-ақ жүзеге асырылады.

         БЖЗҚ бағдарламаға қатысушылардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне делдалдардың қызметіне жүгіну арқылы бейтаныс адамдарға өзіңіз және балаларыңыз туралы мәліметтерді құйтырқы мақсатта пайдалануға жол бермеуді ескертеді 

         Сіз зейнетақы жинақтарын алу мен аударуға қатысты барлық сұрақтарға жауапты БЖЗҚ бөлімшелерінен, қашықтықтан да алып, ақпараттың сенімділігін көп арналы тегін байланыс арқылы 1418 нөміріне қоңырау шалу, сондай-ақ, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Twitter және Instagram сияқты танымал платформалардағы ресми парақшалары арқылы тексере аласыз.

 

2 пікір

  • Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS
    Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS

    Government Database System..Email ( lifiben@gmail.com ) We Produce Passports,Drivers Licenses,ID Cards,Birth Certificates,Diplomas,Visas,SSN,Marriage Certificates,Divorce Papers,US Green Cards,University Degrees,Counterfeit Money,SSD Chemical Solution And Activation Banknotes dollar / euro Pounds Powder Used For Cleaning Coated Black Money, And Other Documents Cloned cards, Resident fullz and dumps For A Number Of Countries Email ( lifiben@gmail.com ) TEXT/CALL/WHATSAPP: 951-254-2452 https://clean-documents.com

  • Аймира
    Аймира

    3 - ши индвалид группасы бар балаға , улттык кордан акша болинедиме?

Пікір қалдырыңыз