Мораториден кейінгі тексерулердің ерекшеліктері
Егер нысан иесі сұрау салуды да жауапсыз қалдырса, нысанды бару арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге негіз болады.
Елімізде 2024 жылдың
1 қаңтарынан бастап шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерді тексеруге қатысты
жарияланған мораторий тоқтатылды. Ары қарай санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау қызметінің нысандарды тексеру шаралары қалай жүргізілмек? Бүгін осы жөнінде
тарқатып айтпақпын. Мәселен, бұрын эпидемиялық маңызы жоғары нысандарға
жоспарлы түрде тексерулер жүргізілетін. Сонымен бірге, тексеру жоспарын
түзгенде эпидемиялық маңызы жоғары нысандардың барлығы тексерумен қамтылуы
ескерілетін. Ал қазір эпидемиялық маңызы болмашы нысандарға ( мәселен, орын
саны 50-ден төмен қоғамдық тамақтану орындары, спорт мектептері, орын саны 20-дан
төмен моншалар және т.б.) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілетін
болады.
Ал, барлық
обьектілерге жүргізілетін жоспарлы тексерулер – бару арқылы профилактикалық
бақылау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі тарапынан берілген
рұқсат құжаттарының талаптарға сәйкестігін тексеру болып саналады. Нысандар
объективті және субъективті критерийлерге байланысты іріктеліп, бақылаудағы
нысандар санының бес пайызынан (5%) аспауы тиіс.
Бармай бақылау – аты
айтып тұрғандай ешқандай нысандарға бармай, әр түрлі ақпарат көздерінен алынған
мәліметтер, шағымдар негізінде анықталған бұзушылықтарды жоюды міндеттеп,
ұсыным береді. Ұсынымның орындалуы туралы ақпарат берілмеген жағдайда сұрау
салу жолданады. Егер нысан иесі сұрау салуды да жауапсыз қалдырса, нысанды бару
арқылы профилактикалық бақылау тізіміне енгізуге негіз болады.
Нұрбек Нышанов,
Түркістан облысы
СЭБД басшысы.
Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS
Government Database System..Email ( lifiben@gmail.com ) We Produce Passports,Drivers Licenses,ID Cards,Birth Certificates,Diplomas,Visas,SSN,Marriage Certificates,Divorce Papers,US Green Cards,University Degrees,Counterfeit Money,SSD Chemical Solution And Activation Banknotes dollar / euro Pounds Powder Used For Cleaning Coated Black Money, And Other Documents Cloned cards, Resident fullz and dumps For A Number Of Countries Email ( lifiben@gmail.com ) TEXT/CALL/WHATSAPP: 951-254-2452 https://clean-documents.com