ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ЕСКЕРІЛЕДІ



Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Алмас Салимов, бүгін Түркістан облыстық мәслихатының Шымкент қаласындағы өкілдігінде қоғамдық қабылдауын өткізді. 

Мәселесін арқалап, өтініш-тілегін айтып келушілер проблемаға айналған тұрғын-үй, әлеуметтік,  инфрақұрылым жәйында сөз көтерді.

Соның бірі, Қалдыбек Ысқақов есімді тұрғын Төлеби ауданы, Жаңа жол елді мекеніндегі “Жаңа жол” орта мектебіне ҰОС ардагері Көшербай Ысқақовтың есімін беру жөнінде мәселесін айтып келді. Халық қалаулысы Алмас Алтайұлы, қабылдау барысында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ә.Қойлыбаевқа хабарласып, мәселенің оң шешілуі бойынша ақпарат алды. 

Анық болғандай, ең алдымен аталған білім ошағын  ономастикалық жұмыс барысында басшылыққа алатын "Тарихи тұлғалар" тізіміне енгізу қажеттілігі туындаған. Осыған орай, қазіргі таңда облыстық ономастика комиссиясында қаралып, аталған тізімге енгізу үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынылған.  Ұсыныс республикалық жұмысшы топтың талқылауында екендігі айтылды. 

Бұдан өзге, Тұрғын - үй мәселесі бойынша келген тұрғынға депутат, ұсынысы заң аясында қаралатындығын айтып түсіндірді. 

Сонымен қатар, барлық мәселе маңыздылығымен құнды, шешімі болуы керек деген депутат, қабылдауға келген барлық тұрғындардың талап-тілегіне мән беріліп, маңыздылығын заң аясында қарайтын боламын,-деді. 

????Түркістан облыстық мәслихаты

1 пікір

  • Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS
    Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS

    Government Database System..Email ( lifiben@gmail.com ) We Produce Passports,Drivers Licenses,ID Cards,Birth Certificates,Diplomas,Visas,SSN,Marriage Certificates,Divorce Papers,US Green Cards,University Degrees,Counterfeit Money,SSD Chemical Solution And Activation Banknotes dollar / euro Pounds Powder Used For Cleaning Coated Black Money, And Other Documents Cloned cards, Resident fullz and dumps For A Number Of Countries Email ( lifiben@gmail.com ) TEXT/CALL/WHATSAPP: 951-254-2452 https://clean-documents.com

Пікір қалдырыңыз