Bilimclass-тың пайдасы мол

Bilimclass платформасының білім беру ресурсы мұғалімге және білім алушыларға ыңғайланып жасалынған функционалдық сауаттылықты дамытуға және білім алушыны  бағалауға арналған  таптырмас көмекші оқу  құралы дер едім. Себебі, өзім 2018 жылдан бастап осы порталдың белсенді қолданушысымын, қазіргі таңда  кей күндері тәулік бойына осы  платформамен жұмыс жасап, көптеген пайдалы ақпараттарға қанығып келемін. Дәл қазіргідей дамыған заманда оқушыларды оқытуда тек қана кітап,дәптермен,бормен,тақтамен ғана жұмыс жасау мұғалім үшін де  білім алушылар үшін де тиімсіз.  Сондықтан сабақ өту барысында тест жұмысы,кесте,диаграмма,тірексызба,сәйкестендіру секілді тапсырмаларды орындату, жаңа сабақты түсіндіргенде оқушылардың білімдерін толықтыру үшін бейне сабақтарын қарау, оқытуға арналған анимациялық фильмдерді қолдану  және де сабақты бекітуде интерактивті тапсырмаларды орындату өзіме өте тиімді. Бейне сабақтарда тақырыптар қарапайым және қолжетімді тәсілмен түсіндіріледі. Әсіресе онлайн форматта (карантинге байланысты) оқыған кезімізде синхронды сабақтарға арналған видеоконференция, факультативті оқыту, оқушыларға үй тапсырмасын беру, оны орындатуда, электрондық баға журналы, топтық чаттар мен жеке хабарламалар (конструктивті кері байланыстың тамаша тәсілі) функциялары өте керемет құрал бола білді. Менің пәнім жаратылыстану бағытында болғандықтан  виртуальды лабаратория бөлімімен қатар, twig-bilim.kz видеосабақтар ресурсындағы  жаратылыстану  бағытындағы пәндерге  арналған қызықты  қысқа фильмдерге арқау болған тың деректер әлемге танымал ВВС және NASA студияларының мұрағаттарынан алынғаны порталдың өте сапалы жұмыс жасап отқандығының бір дәлелі және ол деректер оқушыларды өте қатты қызықтырады. Оқушылар үшін ең тиімді тұсы сабақтан тыс, өздеріне ыңғайлы уақытта Bilimclass платформасының ресурстарына қол жеткізе алады және күнделікті сабақтардан алған бағаларын күнделіктен көріп, тоқсандық қорытынды бағаларын және де  бөлімді және тоқсанды бақылау кезінде жинаған ұпайларын сол күні-ақ қарап біле алады. Әрбір ата-ана да кез-келген уақытта өз перзенттерінің  білім деңгейін оңай бақылап отыра алатыны қуантады. Сонымен қатар,  қолжетімді ресурстар тек бір ғана тілде тоқталып қалмай,  үш тілде қамтылғаны кез-келген  ұлт өкілі үшін тиімдірек.

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан халықаралық және ұлттық зерттеулерге және де ҰБТ-мен ББЖМ-не дайындық барысында осы порталдағы itest.kz  бөліміндегі ресурстар білім алушылар үшін сыныптар бойынша жинақталып, тарауларға бөліп дайындалған мәліметтерді өз беттерінше меңгеруіне және де әр тақырыптың соңында берілген тест тапсырмаларын  өздеріне қолайлы уақытта орындап, сол мезетте жауабын алуына тамаша мүмкіндік етіп жасалынған.  Денсаулығына байланысты біршама уақыт сабақтан қол үзіп қалған  оқушылар,  үйден оқитын балалар үшін де мектеп бағдарламасынан  қол үзіп қалмай, үздіксіз білім алып отыруы үшін  таптырмас цифрлық оқу құралы.

Сонымен қатар порталдағы арнайы әзірленген педагогтар үшін кәсіби біліктілікті арттыру курстары, цифрлық білім беру ресурстарына деген қолжетімділік,білім алушылардың функционалдық сауаттылығына диагностика жасау,педагогтердің қызметіне мониторинг,білім алушылардың оқудағы жетістіктеріне мониторинг жасалу барысы да  керемет үйлесімділікпен әзірленген.

Күнделікті жаңартылып отыратын жаңалықтар айдарынан да елімізде білім саласында болып жатқан ерекше елеулі оқиғаларды үзбей қарап отырамын. Ерекше атап айтатын  порталдың тағы бір жұмысы педагогтер және білім алушылар арасында үнемі өтіліп  отыратын байқаулардың жүргізілуі мен оның әділ бағалана білуі қатты қуантады.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі сараптамасының Bilimclass-тың құрастырған өнімдеріне оң бағасын беріп, білім беру мекемелеріне пайдалану жөнінде ұсыныс жасағаны, порталдағы жасалынған видеосабақтар мен сабақ мақсаттарының оқу бағдарламасына сәйкес келуі, әрбір қолданушының табысты білім алуына жағдай туғызатын , функцияналды сауаттылыққа бағыттайтын, көп деңгейлі тапсырмалардың қамтылуы, оны орындау барысында білім алушының жан-жақты дамуы, сыни тұрғыдан ойлауға ұмтылуы, педагогтардың цифрлық интерактивті сабақтарын өткеруін  жеңілдетуіне септігін тигізіп отырған  бұл  платформаны білім берудің сапасын арттыруға бағытталған ірі сандық кітапхана деп атар едім.

Ақерке Абдиманапова,
Жетісай ауданы, №64 «Мақталы» жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі 

2 пікір

  • Айтжан  Шапағат
    Айтжан Шапағат

    252766

  • Абдурахман Айсулу Абдирахманкызы.
    Абдурахман Айсулу Абдирахманкызы.

    М. Ауезов атындагы орта мектептин окушысы Динмухаммед Досалы .озат окушы.улгили отбасынан шыккан .. Мектебинин . мактанышы. тек улкен белестерден корине бер. Тек Алга!Биз саган сенемиз.Алар белесин коп болсын,сатилик серигин болсын.

Пікір қалдырыңыз