Студенттер күнінде тимбилдинг ұйымдастырды

Облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Туған өлкенің табиғатын таза ұстайық!» деген тақырыппен сенбілік өтті. Қоршаған ортаны таза ұстау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен іс-шараға 100-ге жуық жас қатысып, айналаны күл-қоқыстан тазартты.
Сенбіліктен соң қызметкерлер, жастар ортасында берік достық қарым-қатынасты және өзара көмек көрсету принциптерін құру мақсатында «Қызықты көңіл, студенттік өмір!» атты тақырыпта тимбилдинг өтті. Қатысушылар екі топқа бөлініп, өзара сынға түсті. Жастардың шыдамдылығы мен алғырлығын, жылдамдығын сарапқа салатын ойындар ойнатылды.
Тимбилдинг – ұйымшыл ұжым қалыптастыруға, команданың әрбір мүшесі өз орнын табуға және қабілетті барынша дамытуға жағдай жасайтын жаңа тәсілдердің бір түрі. Тимбилдингтің барлық түрі еркін, бейресми қарым-қатынас жасауды, командада жұмыс істеуді үйретеді және корпоративтік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.