Сапаға мән беруді ескертті

Түлкібас ауданы, Майлыкент ауылдық округіне қарасты Бақыбек елді мекенінде бүгінде 300 орынды мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Ғимараттың қабырғасын қалау жұмыстарының
90 пайызға жуығы аяқталған. Мердігердің айтуынша, алдағы екі аптаның ішінде құрылысшылар шатырды жабуға кіріспек.
Аталған нысанға аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов арнайы барып, құрылыс барысын бақылап, жұмысты сапалы әрі мерзімінде аяқтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді. Мектепке кірер жолдың құжаттарын тез арада рәсімдеуді ауыл әкіміне тапсырды.
Содан соң аудан әкімі жауапты мамандармен бірге Түлкібас кентіндегі ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан Б.Момышұлы мектебіне табан тіреп, мұндағы жұмыстың сапасын тексерді.
Аудандағы алдыңғы қатарлы білім ордаларының қатарына кіретін мектеп 2010 жылы пайдалануға берілген. Мұнда 1200-ден астам оқушы білім алады.
Қасбеті мен шатырының тозығы жеткен ғимаратқа биыл ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда шатыры жабылып, қасбеті қапталып бітуге таяу. Жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.
Аудан басшысы ғимаратты толық аралап, мердігерге жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Teknik Telekomunikasi
Майлыкент ауылдық округінде жұмыс істеген мектептің құрылысынан кейін білім алуға келген оқушылар саны көп ме? Теплые пожелания Telkom University