«Мамандығым – болашағым»

Ер ертеңінің қандай болмағы бүгінгі жастардың алған тәрбиесі мен біліміне байланысты десек, оқушылардың зейінін ашып, белгілі бір мамандық иесі болып шығуына жастайынан жол көрсетудің маңызы зор. Сабақтан тыс өткізілетін мұндай семинарлар оқушылардың өз қабілетін танытып қана қоймай, танымдық білімін де жетілдіре түседі. 

Осындай берері мол іс-шараның бірі таяуда Жетісай ауданындағы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Әлия Молдағұлова атындағы №34 мектепте өткізілді. Жастардың мамандық таңдауға деген жауапкершілік қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын таныстыра отырып, келешекте өз мамандығын дұрыс таңдау мақсатында өткізілген іс-шараға аудандағы жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары мен білікті ұстаздары қатысты. Сондай-ақ, аудандағы кәсіби мамандармен бірге «Мамандығым – болашағым» атты ғылыми жобаның таныстырылыма өтті.

Жетісай аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұлжан Бақытқызы бағдарламамен таныстырып, жаңа жобаның жоспарымен таныстырды. «Мұндай жобаның жастардың болашағын қалыптастыруда берері зор. Ауданымызда өз ісінің білгір маманы болып, түрлі байқаулар мен жарыстарда жоғары деңгейден көрініп жүрген мамандар бар, солармен тәжірибе алмасып, олардың жетістіктерінен үлгі алуымыз керек. Өз мамандығын тұрыс таңдап, жұмысына қызығушылықпен қарайтын мамандардың жетістіктері де көп болатыны белгілі. Осында отырған оқушылар арасынан елге белгілі азаматтар, қоғам қайраткерлері, өнер саңлақтары, ақын-жазушылар шығуы мүмкін. Біз солардың талабын танып, болашағына жол көрсетуіміз керек. Бүгінгі жоба да негізінен осыны көздеп отыр» деді ол.

Семинарға ерекше дайындықпен келген басқа жоба иелері де өз идеяларымен бөлісті. Атап айтар болсақ, аудандағы №10 «Қайнар» мектеп гимназиясының кәсіби бағдар маманы Ләззат Алдабергенова «Мамандық таңдау – жауапты қадам» тақырыбында, №68 «Жібек жолы» жалпы білім беретін мектептің кәсіби бағдар маманы Арайлым Шауғабаева «My code» тақырыбында, №3 Ю.Гагарин атындағы ЖББМ-нің мектеп директорының орынбасары Айман Базарова «Химия-биология» тақырыбында, №40 «Ынтымақ» ЖББМ-нің математика пәні мұғалімі кәсіби профориентолог маман Жансая Жасұзақ «Мамандық таңдаудағы ізденістің маңызы» тақырыбында, №34 Ә.Молдағұлова атындағы ЖББМ-нің психолог маманы Айгерім Исаева «Көтеріңкі көңіл-күй жанға қуат береді» тақырыбында тренинг өткізді. 

4 пікір

  • Нұрлыбай Қуанұлы
    Нұрлыбай Қуанұлы

    Үлкен бастама екен. Сәттілік тілеймін!

  • Калыкова Айгерим
    Калыкова Айгерим

    Керемет отти

  • Калыкова Айгерим
    Калыкова Айгерим

    Керемет отти

  • Калыкова Айгерим
    Калыкова Айгерим

    Керемет

Пікір қалдырыңыз