«KARLSKRONA LC AB» өнімдері шетелге де шығарылуда

Ордабасы ауданының индустриалды аймағында орналасқан «KARLSKRONA LC AB» ЖШС мемлекеттің экономикалық дамуына өздерінің лайықты үлестерін қосуда. Аталған компания сусорғыларды, электротехникалар, блокты-модульдік, стандартты емес жабдықтарды, түрлі темір қорытпаларынан құймаларды жасау, әзірлеу, сату, монтаж жасау және сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Шығарылған өнімдер Түркия мен Үндістанға және Қазақстан қалаларына жіберіледі. Аталған компания 200-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Қазіргі уақытта Бадам ауылдық округінде орналасқан кәсіпорын мұнай, тау-кен және атом өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы және коммуналдық шаруашылық салаларында қолданылатын жабдықтарды шығаруда. Қазақстандық нарықта 2003 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан компания биыл 20 жылдық мерейтойын атап өтпек. Сондай-ақ, зауыттың өндірістік және басқару процестері ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істейді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.