Тежегіш жүйесі: қай нұсқа тиімді?
Көліктің жүрісін тежеудің екі түрлі алгоритмі бар. Бірінші – спорттық стильмен айдайтындар күрт тежеуді қолданады. Бұл кезде көлік дөңгелектері мен тежегіш жүйесіне салмақ түседі. Енді бір жүргізушілер, керісінше, дөңгелектерге де, тежегішке де артық салмақ салғысы келмейді. Сондықтан олар тежегіш жүйесінің механизмдеріне жүк түсірмеуге тырысады және тежегіш ұзақтығын ондаған метрге дейін созады. Бұл екі алгоритмнің қайсысы дұрыс?
Негізі тежеу жүйесі – жұмысын бірнеше кезеңге бөлуге болатын күрделі процесс. Біріншіден, тежеу кезінде электродтар дискіні қысып, тез қыздырады да, температурасы жұмыс режиміне жетеді. Бұл кезде механизм максималды жүктемелерді сезінеді. Одан кейін электродтардың үйкеліс материалы қызып, тежегіш жүйесі үш секунд ішінде мүмкіндігінше тиімді әрекет етеді. Егер автомобильді тоқтату процесі аяқталмаса, температура шектен тыс артып, үйкеліс материалы біртіндеп қасиеттерін өзгерте береді. Ал, электродтар қызған кезде тайғанау басталып, доңғалақ дискісі де қызады. Сондықтан жүргізуші тежеу жүйесі мен доңғалақ дискісіне артық күш түспейтіндей режимді қолдануы қажет. Әйтпесе, қосымша ақаулар пайда болып, проблемаңызға проблема жамап аласыз.
Егер жүргізуші тежегішті артық күш түсетіндей күрт басып, көліктің тепе-теңдігінен айырылып қалса, онда тежегіш механизмдерінің және бүкіл гидравликалық жүйенің ресурсы азаяды. Мысалы, тежеу ұзаққа созылып, айналмай тұрған доңғалақ сырғанайтын болса, дискі мен электродтар қатты қызады да, тежегіш жүйесінің қызметі төмендейді және өзін шұғыл салқындатуды қажет етеді. Ал, салқындату үшін бірден тоқтап қалмай, бірнеше шақырым бойы баяу жылдамдықпен жүру керек. Әйтпесе олар деформацияланады, яғни қызмет сапасы төмендеуі ықтимал. Оның үстіне көлікті бұлай тежеу адам өміріне де қауіпті.
Сонымен қатар, тежегіш педалін бірнеше рет басып ажыратқанда да гидравликалық жүйеге артық салмақ түседі. Егер автомобильдегі тежегіш жүйесі мен сұйықтық тасымалдайтын түтіктер ескірген болса, мұндай кезде құбырлар жарылып, тежегіш сұйықтығы ағып кетуі мүмкін. Ал, арнайы сұйықтығы азайған тежегіш дұрыс жұмыс істемейді. Сондықтан кез келген күрт тоқтау жағдайларынан кейін тежегіш жүйесін бір тексеріп қойған дұрыс.
Сондай-ақ, көлік нөпірі қалың көшелерде ешқандай негізсіз автомобильді күрт тежеуге тыйым салынады. Өйткені, жүргізуші қозғалыстағы басқа да жүргізушілерге кедергі келтірмеуі тиіс. Бұл сіздің де, басқалардың да қауіпсіздігі үшін маңызды. Жалпы, көлікті артық жүктемесіз тежеп, механизмдерді қызып кетуден сақтау қажет.
Кейде тежегіш педалін жай басып, тежеу жолын ұзартқан да тиімсіз болады. Әрине, бұл әдіс гидравликалық жүйеге түсетін жүкті азайтып, механизмнің қызбауын қамтамасыз етеді. Бірақ, бұл электродтардың қызып кетуіне және тозуына соқтырады. Яғни сіз педальді ұзақ уақыт бойы ұстап тұрсаңыз, (мысалы, таудан түскен кезде) дискілер қызып, электродтардың үйкеліс қабаты пайда болады. Соның салдарынан тоқтау қажет болған жағдайда тежегіш өз қызметін дұрыс атқара алмай қалуы мүмкін.
Егер автомобильдің беріліс қорабы механикалық болса, дұрыс тежеуге берілістің төменгі сатысын қосу арқылы қол жеткізесіз. Яғни мұндай жағдайда ішкі қарсылық артып, бұл доңғалақтардың баяулауын қамтамасыз етеді. Ал, автоматты беріліс қорабы болса, онда сіз спорттық режимді қосу немесе берілісті қолмен басқаратын режимге өту арқылы тежеуді дұрыстай аласыз. Жол жағдайы белсенді тежеуді қажет ететін болса, мұны алдын-ала жасау керек.
Тежеу кезінде теңдікті сақтай алатын және көлікті тез тоқтата алатын жылдамдықпен жүру керек екенін ескеріңіз. Сонымен бірге, көлікті жедел тоқтату үшін тежегіш педалін қатты басып, бір-екі секундтан кейін қызып кетпеу үшін педальға түсетін қысымды азайтыңыз. Осы әрекетті бірнеше рет қайталау арқылы жылдам тоқтауға әрі тежегішті тиімді қолдануға болады. Себебі, мұндай жағдайда электродтар ең тиімді температура режимінде болады және қайта тежеу көлікті мүмкіндігінше жедел баяулатады.