Инклюзивті қолдау кабинеті ашылды
Түркістан облысының жалпы білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді дамыту мақсатында Кентау қаласындағы Әл-Фараби атындағы №14 мектеп-гимназиясы базасында инклюзивті қолдау кабинетінің ашылу салтанаты өтті.
Аталған іс-шараға инклюзивті білім берудің ресурстық орталығы педагогтары, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары және инклюзивті білім беруді дамытуға жауапты мамандар қатысты.
Инклюзивті қолдау кабинетінің ашылу салтанатында концерттік іс-шара ұйымдастырылып, қонақтар ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмысты үйлестіру ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жалпы білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Ата-аналар инклюзивті қолдау кабинетінің жұмысына сәттілік тілеп, мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді.
«Оңтүстік»-ақпарат.