Оқушылар ғылыми зерттеу жүргізуде
Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Echinacea purpurea» перспективалы дәрілік дақылының фармацевтикалық құндылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Жазғы демалыс басталса да, мектеп оқушылары ғылыми жобалық зерттеулерін жалғастыруда. Солардың бірі 11-сынып оқушысы Ақылбек Русалина. Русалина І Халықаралық ғылыми жобалар байқауында «Жаратылыстану» секциясы бойынша ІІ орынға ие болды. Ал енді ай сайын әр онкүндікте оқушымыз жетекшісі Г.Т. Джамаловамен «Эхинацея purpurea (L.) Moench фармацевтикалық құндылығы және оның негізінде бальзам, сығынды, шөп шайы және жараларды емдейтін таңғыштарды дайындау» тақырыбында ғылыми жобалық жұмыс істеуде.